Нұра Матай. Бердионгаровта бет бар екен...
23-нші ақпан - Совет армиясы мен флотының құрылған күнімен мәжілістің мінберінен барша жұртты құттықтап, «қарқ» қылған депутат Таниберген Бердионгаровтың беті бар болып шықты... Сенесіз бе, қызылы жоқ болса да беті бар екен, әйтеуір. Оған да тәубе.
Жас депутаттың қалың беті бар екенін журналист Рафаэл Балгин болмаса, білмей, «арманда» өтер ме едік, кім білсін!
Күні кеше депутат пен журналист сөзге келіп қалып, Балгин Бердионгаровтың бетіне былш еткізіп бір-ақ түкіріпті. Мың болғыр! Енді міне, Танирберген журналисті «ар-намысыма тиді, қоғамдық ортада қорлады» деп Алматының Медеу аудандық сотына арыз беріпті. Осы жерден екінші бір жаңалыққа яғни, Бердионгаровтын «ар-намысының» бар екеніне куә болып отырмыз. Әлбетте, депутаттың ар-ұяты, намысының ұлты қандай екенін білу әзірге мүмкін болмай тұр.
Айтпақшы, журналист Балгин мен Бердионгаровтың шекісіп қалғаны бір бұл емес көрінеді. Балгинның айтуынша, 2003-нші университетте сабақ беріп жүрген кезінде үлгеріміне байланысты студент қызға сөгіс бергені үшін әлгі қыздың жігіті Балгинді соққыға жығыпты. Қыздың жігіті - депутат Бердионгаров екен. Ал, осы жолғы бетке түкіру «операциясы» барысында Балгин Танирбермеген, ой, кешіріңіздер, Танирберген Бердионгаровтың санынан теуіп, оңдырмай жарақаттапты. Енді Балгинде аянып қалмаймын деп отыр.

Иә, тірі болсақ, Танирбергеннің талай қызығын көрерміз әлі.
«Абай-ақпарат»