Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7406 29 пікір 23 Тамыз, 2019 сағат 13:10

Қазақ жалқау емес, бірақ, қазақтың көргені - азап

Бір таныс ағайымыз микрокредит алып, сиыр баққан. Сиырды бағатын фазендасы, жайылымдық жері де бар еді. Оны біраз ремонттады, қаладан құрылыс материалын тасыды. Жем-шөп дайындады. Бәрі жақсы. Сүт те болды.

Сол сүтті өткізу керек болды. Қалаға сүт зауыттарына жеткізбек болғанда, олар табиғи сүтті қабылдаудан бас тартыпты. "Сенің сүтің тез ашиды, әрі қымбат, бір литрын жүз теңгеден алғанша, қытайдан келетін қорабы 100 тг тұратын ұнтақтан 10 л сүт шығады. Әрі ұзаққа шыдайды" депті. Бәленбай сүтті суға ағызыпты. Ашып кеткен. Әлгі кредитті розницамен сатқан құрт-майдың ақшасымен ілдалдап жауып отырған көрінеді. Арасында сиырлар ауырады, мал дәрігері тапшы, дәрісі де қымбат. Басқа да сүт өнімдерін әзірлеуге түрлі құрылғылар керек. Бірақ оған енді ақша жоқ.

Бар ақшаны кредитке және сол малды асырауға әзер жеткізеді.
Қазақ жалқау емес, бірақ, қазақтың көргені - азап.

Бану Дәулетбаеваның facebook парақшасынан

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419