Интернет-конференция: Жангелді Шымшықов (жалғасы)
Кедендік одақ. Қоғамның күдігін сейілтпей тұрған күрделі мәселеге қатысты ел ішінің наразылығы және осы одақтың түбі Тәуелсіздікке төнер қауіпке апармай ма деген үлкен сұрақтар күн тәртібінен түспей тұр.
Конференциямыздың кезекті қонағы, білікті экономист Жангелді Шымшықов бүтін елдің басын қатырған кедендік одақ жөніндегі оқырмандар сауалына жалғасты жауап беріп отыр.
«Абай-ақпарат»
-Бізде тек, түсімі көп өндіріске мән беріліп, ал, халық тұрмысының жақсаруына тіке әсер ететін орта шағын бизнесті қолдау кеш ескерілді, несиенің қол жетімділігі мен әкімшілік кедергі, қағаз қиыншылықтары да жоқ емес. Орта шағын бизнестің нақты дамуы мүмкін бе, болса қандай? Кедендік одаққа байланысты кей орыс бизнесмендері қазақ еліне өндіріс орындарын салуға белсенділік көрсете бастапты делінеді, бұл жаңа өндіріс орнымен қоса, елдегі ұлттық орта шағын бизнестің дамуына кесірін тигізбей ме?
Кедендік одақ. Қоғамның күдігін сейілтпей тұрған күрделі мәселеге қатысты ел ішінің наразылығы және осы одақтың түбі Тәуелсіздікке төнер қауіпке апармай ма деген үлкен сұрақтар күн тәртібінен түспей тұр.
Конференциямыздың кезекті қонағы, білікті экономист Жангелді Шымшықов бүтін елдің басын қатырған кедендік одақ жөніндегі оқырмандар сауалына жалғасты жауап беріп отыр.
«Абай-ақпарат»
-Бізде тек, түсімі көп өндіріске мән беріліп, ал, халық тұрмысының жақсаруына тіке әсер ететін орта шағын бизнесті қолдау кеш ескерілді, несиенің қол жетімділігі мен әкімшілік кедергі, қағаз қиыншылықтары да жоқ емес. Орта шағын бизнестің нақты дамуы мүмкін бе, болса қандай? Кедендік одаққа байланысты кей орыс бизнесмендері қазақ еліне өндіріс орындарын салуға белсенділік көрсете бастапты делінеді, бұл жаңа өндіріс орнымен қоса, елдегі ұлттық орта шағын бизнестің дамуына кесірін тигізбей ме?
- Шағын және орта бизнестің мәселесі және оны мемлекет тарапынан қолдау кеш көтерілді, ескерілді деп айта алмаймыз. Шағын және орта кәсіпкерліктің жырлана бастағанына 20 жыл толды десем қателеспеймін. Осы аталып отырған мәселе өте күрделі, ауқымды, іргелі мәселе. Өкінішке орай бұны практикалық жүзеге асырушы мамандар, биліктегі адамдар үстірт түсініп, тек қана микро кредит алып сиыр сатып алса да, екі үш адам жалдап үңгіршік-дүңгіршік дәмхана, асхана ұйымдастырса болды алақан соғып шағын кәсіпкерлікті дамытып жатырмыз деп даурығады.
Сіздің сұрақ саптауыңыздың өзінен-ақ сіздің сондай ұстанымда екеніңіз айғайлап, мен мұндалап тұр. Дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде шағын және орта бизнес 70-80% дейінгі жұмыс күшін жалдап әрекет жасайды. Алайда ЖІӨ-нің әрікетсе 20-30% ғана өндіреді. Ал ірі кәсіпорындар жұмыс күшінің 8-10 пайызын қолдана отырып, өнімнің 70-80% өндәреді. Алайда ірі кәсіпорын (авто жасау, машина жасау, электоровоз, кее т.б.) ұсақ жұмыстарды, қосалқы бөлшектерді өндіруді шағын кәсіпорындарға тапсырады (тұтқа, әйнек терезе, болт т.б.). нәтижесінде ірі кәсіпорын мен шағын және орта кәсіпорын арасында тығыз технологиялық байланыс пайда болады. Сөйтіп шағын және орта кәсіпорын «жеке батыр» болып әрекет етсе, онда біз орта ғасыр деңгейіндегі экономикаға душар боламыз. Мысалы: ауылдағы 2 сиыр 5 қой қосалқы шаруашылық соның көрінісі. Ал егер де ірі ет комбинаты ал айналасында топтасқан шағын кәсіпорындар біреуі торпақ, қсіріп бірі оны семіртіп, бордақылап, енді бірі оны тапсырып ет комбинатымен тығыз байланысты ондаған жүздеген шағын кәсіпорындар болса, сондағана шынайы шағын орта кәсіп бизнесінің дамуының дұрыс жолын алады. Қорыта айтқанда шағын жіне орта бизнес тек қана ірі өндірістің айналасында, сонымен тығыз байланыста өркендеп дами алады.
Сұрақтың келесі бөлігіне былай деп жауап беруге болады: орыс бизнесмендері қазақ елінде өндіріс салуға біздің салық ставкасы төмен болған жағдайда ғана мүдделі. Таяуда В.В. Путин осы айырмашылықты айта келіп, ЖҚҚ салығын 18 пайыздан Қазақстандағыдай 12 пайызға тқмендету қажет екенін нақты ортаға салды. Ендеше, орыс бизнесмендерінің белсенділігін қуаттайтын шарт жуар маңайда жойылады деген сөз. Оған тек әттеген-ай деп қана өкінуге болады. Өйткені орыс бизнесмендерінің кәсіпорындары қатар дамыса, онда бәсекелестік орта, бәсекелестік қатынастар біздің кәсіпорындарды жарыса дамытуға негіз болған болар еді.
-Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізіу мүмкін бе? Израиль, Жапон, Малайзия, Корея сынды жол ұстана аламыз ба, жоқ ол мүмкін емес пе? Мүмкін болса қандай жолдары бар деп ойлайсыз?
-Әрине, экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге болады. Ол үшін теориялық жағынан келесі ұстанымдар қажет: 1) дүниежүзілік еңбек бөлінісіне сай экономиканың құрылымын, өндірістің мамандануын дұрыс жолға қою керек. Мысалы: Жапония сияқты компьютерлік теле технологияларды игереміз деу біз үшін велосипедті жаңадан ойлап тапқандай әуре болып табылады. 2) қоғамдық өндірісті абсолюттік артықшылық негізінде ұйымдастыру. Біздің абсолюттік артықшылығымыз басқа елдермен салыстырғанда мал, егін, балық шаруашылығын дамыту, мұнай-газ түрлі түсті металл өндіру болып табылады. Индия сияқты шай, Бразилия сияқты кофе өндіру бекер әурешілік деп ойлаймын. 3) салыстырмалы артықшылыққа негізделген экономикалық құрылым. Ол үшін басқа елдермен кооперацияға өзара экономикалық қатынастарға түсу. Мәселен, Өзбектерде мақта егеді. Мақта бізде де өседі. Олар да бидай егеді. Бізде де бидай баршылық. Алайда мақта өндірісі ол жақта бізге қарағанда анағұрлым тиімді рентабельді. Ал бізде керісінше бидай өндірісі рентабельді. Ендеше, біз бидайды ұлғайтып мақтаны қысқартып, олар керісінше жасаса, екі елдің жийынтық өнімі анағұрлым мол болары сөзсіз. 4) Белседілікке қабылеттілікті қолдану. Осындай 4 ұстаным негзінде эконеомиканың салаларын қалыптастырсақ, онда толық қанды тәуелсіз экономиканың негізі қаланары сөзсіз. Өкінішке орай дүниежүзілік жаһандану заманында мүлдем тәуелсіз, жабық экономика құру мүмкін емес. Аталған Израиль, Жапон, Малазия, Корея сынды елдердің жолын айна қатесіз қайталау мүмкін емес. Ал еліміздің ерекшеліктерін жан-жақты еспке ала отырып, аталған елдердің бағытын қолдану әбден мүмкін.
-Болашақта ортақ валюта орыстың ақшасы болуы мүмкін бе? Онда тәуелсіздігімізден айырылғанымыз емес пе?
-Болашақта біртұтас экономикалық кеңістік құрылған жағдайда оның ұиытқысы, ұйымдастырушысы болып, басымдылық танытып отырған Ресей федерациясының рубль (сом) ортақ валюта болары еш күмән келтірмейді. Егер де еуропалық экономикалық қауымдастық сияқты негізде біртұтас экономикалық кеңістік құрылса, онда ортақ валютадан (еуро сияқты) тәуелсіздігімізге нұқсан келмес еді, алайда біздің жағдайымыз Еуропадағыдай емес. Сондықтан орыс валютасы ертең үстемдік етпейді деп сену мен үшін қиын.
-Жауап беру сіздің құзырыңызда болмаса да, көптің көңіліне күдік ұялатып отырған, Астананың туған күні басталған атыс-шабыстан қаншама адам қаза тапты, жақсысы бар, жаманы бар барлығы да қазақстандық еді. Ал елбасымыз түк білмегендей демелып жатыр. Қазақстанның барлық жерін үрей билеген. Сонда біз кімге сенуіміз керек?
-Бұл сұрағыңыз құқық қорғау, қауіпсіздік ұйымдарында қызмет жасайтын адамға қойылғаны дұрыс еді. Алайда БАҚ мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның кез келген жеріндегі ауылдар сияқты Шұбаршы мен Кеңқияқ сияқты ауыр экономикалық жағдайда қалған болуы керек. Күн көріс үшін мұнай құбырларынан мұнай ұрлап сату кәсіпке айналған сыңайлы. Оны білетін полиция өз үлесін алып отырған сияқты. Ал соңғы кездері полицияның алашағының ставкасын тым көтеріп жіберген көрінеді. Бұл ұрлықпен күн көретіндер үшін нарзылық тудырып, қақтығысқа әкеліп тіреген. Әрине бұрынғы жылдардағыдай осы ауылдардағы азды-көпті кәсіпорындар, ауыл шаруашылық мекемелері әрекет етіп жұмыспен қамту, жалақымен қамтамассыз ету, жүзеге асып жатса, мүмкін мұндай қылмыстық әрекеттер болмаған болар еді. Бүгінгі күні қылмыстылар ауыздықталды, біраз О дүниеге аттанды. Басқалары сот жазасымен күнәсін өтейтіні сөзсіз. Кім біледі? Ондаған жылдар өткеннен кейін өткендегі Созақ көтерілісі сияқты бұған да шарасыздықтан қылмысқа барып, шайт болғандар деп баға беруі мүмкін. Ал елбасы демалып, денсаулығын түзеуге әбден құқылы. Аталған уақиғамен айналысатын арнайы ұйымдар бар. Тек Кеңестік колхозда ғана шеге қағу үшін председатель колхоз болмаса, тал басы да сынбайды. Ал өркениетті мемлекетте кез келген іс-әрекеттің бәріне президент жауап беруі ешбір қисынсыз, қажетсіз.
-Отто Бисмарк неміс халқын өзара саудада алдымен кедендік бажды (пошлина) алып тастау, одан кейін ортақ валюта, ортақ парламент құру арқылы біртұтас Герман империясын құрғанын білетін шығарсыз. Яғни, тарихи прецедент пайдаланылып отыр.
Тілдік, діни, мәдени, яғни рухани егемендік арқылы Қазақ Елін сақтап қалуға, экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге болады деген пікіріммен келісесіз бе?
- Отто Бисмартың саясатын білеміз. Екі елді біріктіру үшін әрине кеденді біріктіру қажет. Ал енді соған сай тілдік діни мәдени дүниетанымдық өзгешелікті сақтап, дамыту арқылы қазақ елін сақтап, экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу әрбір қазақ азаматының мұраты мен арман мақсаты екеніне келісемін.
-Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады» деп жазылған. Сіздіңше, Ата Заңыңымызда өтірік жазылған ба?
Әлеуметтік теңдік дегенді қалай түсінесіз. Орыстар мен еврейлердің құрған «жарымжан, мүгедек» соцалистік жүйесінен басқа, Нағыз Соцалистік Қазақ Республикасын құру мүмкін бе?
-Ата заңымызда өтірік жазылмған, алайда, конституция Ата заң ол деклорация немесе солай болуға тиісті деп жария қылу ғана. Ал оның шынайы жүзіне асуы оңайлықпен келмейді. Ол әрқайсысымызыдың заңды сыйлап, адал да ұлт жанды іс-әрекетіміздің нәтижесі ғана болуы мүмкін.
Әлеуметтік теңдік жайында осыдан бұрын жауап бергенбіз. Алайда мен үшін сіздің айтқан: Орыстар мен еврейлердің құрған «жарымжан, мүгедек» соцалистік жүйесі деген мәселеңіз мүлдем түсініксіз. Нағыз социалисттік қазақ республикасын құру дегенді түсіндіріп, мақсат қып қою үшін кем дегенде екі томнан тұратын ғылыми еңбек жазып шығу қажет екені сөзсіз. Қысқа қайырсақ, Швед социализмі сияқты, Араб эмиратының әлеуметтік саясатына сәйкес келетіндей етіп экономика құру әбден мүмкін.
-Ақындардан кімдерді оқисыз? Жағымпаздық дегенге қалай қарайсыз?
-Бүгінгі ақындардың ішінде ағамыз М.Шаханов пен творчестволық байланыстамын. Жуырда ағамыздың «Қырғыз эвересті және мәңгүрттендірудің егеукұйрықтық саясаты» атты роман эссесін орыс тіліне сөзбе-сөз аудармасын жасап шықтым. Ал көркемдік аудармасын менің әріптесім, профессор Акимов В.В. жүзеге асырды. Алла қаласа,бір айдан кейін Мұхтар ағамыздың орыс тілінде біз аударған нұсқасы жарық көруге тиісті. Аталған роман эсседе жағымпаздық пен жеке басқа табынушылыққа ойсырата соққы беріліп, оның жақтастарын талқандаған. Бұл кітап қазақ тілінде мамыр айында жарық көріп, тұсау кесері КазҰУ-дің жастар сарайында 15 мамырда өткен болатын. Мұхтар ағамызмен қатар Исраил Сапарбаевтың, Софы Сматаевтың өлеңдерін де оқып отырамын. Жағымпаздық дегенді мен өз басым сатқындықпен қатар қоямын. Екуі егіз кесірліктер деп ойлаймын. Жағымпаз адам мен үшін өте жек қөрінішті. Жүрек айнытатын сұмпайы сұм және екінші жағынан ол бір кіріптар, бейшара, сорлы кейіптегі қайыршыға бергізіс мақұлық деп есептейміз.
-«Әуелі - экономика, сосын - саясат» тұжырымының салдары қандай? Плюсі мен минсусы? Саясатта артта қалып, экономика жемқорлардың жемсауына айналып кеткен жоқ па? Саясатта артта қалғаннан, елдегі тәуелсіздік идеясы тоқырап, ел әлемдік базарға айналып кеткен жоқ па? Сіз «экономика мен саясат -қатар жүрсін» тұжырымын қолдар ма едіңіз?
-«Әуелі - экономика, сосын - саясат» тұжырымының саладры плюсы: экономика базис, экономика қоғамның негізі болмысы деген тарихи материалисттік көзқарас. Өз сынын уақытында алған сияқты еді. Баяғы дүниежүзілік пролетариаттың көсемі В.И. Ленин: «саясат экономиканың шоғырландырылған кейіпі» деп баға берген болатын. Алайда өтпелі кезеңде барлық нарықтық өзгерістерді жоғарыдан билік жасап отырған жағдайда саяси өзгерістер экономикалық өзгерістермен бірдей жүріп отырғаны абзал еді. Саяси баға берілмей, саяси мақсатқа бағытталмаған экономикалық өзгерістер баянсыз екені кімге болса да түсінікті деп ойлаймын. Сондықтан, көптеген экономикалық өзгерістер саяси қолдау таппаған жағдайда жүзеге аспай қатып жатты. Әсіресе тіуелсіздік идеясы аяқ астында қалды десем, қатты айтқаным емес.
-Қазақстанда ауыл шаруашылығы бар ма? Әлде, бүгінгі ауылшаруашылығы деп жүргеніміз әкімдер мен олигархтардың подхозы ғана ма?
Ауыл шаруашылығын таратып, ірі шаруашылықтарға ғана көңіл бөліп отырған үкіметтің ішіндегі басқару қызметін Индустрия министрлігіне берсе ше?
Оның орнына Ауыл министрлігін құрып, оған ауылдағы шағын шаруашылықтарды қолдау мен әлеуметтік жағдайды жақсартуды міндеттесе ше? Өйткені, қазіргі АҚШ министрлігі арқылы қыруар қаржы алпауыттардың шаруашлығын ғана қамтып отыр, ауылдың әлеуметтік тұрмысы көтерілетін емес.
-Қазақстанда ауыл шаруашылығы жоқ деп айтуға негіз жоқ. Егін шаруашылығының мақта, күріш, көкөніс шаруашылықтарының өнімдері ішкі нарық сұранысын қамтамассыз етіп қана қоймай, сыртқы саудаға да өнім шығарып отыр. Әрине ауыл шаруашылығының ЖІӨ- дегі үлеесі 5 есеге дейін кеміді. Егіс алқаптарының көлемі мал түліктерінің саны құлдырап бірнеше есе азайды. Қазіргі мал шаруашылығын ұстап тұрған ауыл тұрғындарының қосалқы үйдегі шаруашылығы деуге болады, өйткені олардың үлесі 80 пайыздан артып жығылады. Мұндай жаңдайдың мұмкін болуы аграрлық өрескел қателіктерден туындады. Қазақстанның 80 пайыз аймағында ауыл шаруашылығы нар тәуекел аймақта жүзеге асырылып, ауа райының ауытқуына тәуелді болатын, сондықтан озық тәжірибе негізінде көп салалы ірі ауыл шаруашылық кешендері құрылған болатын. Осы Кеңес дәуріндегі колхоз совхоздарды жойып, шаңырағын ортасына түсіру аграрлық сұрақты білетіндерге қылмыспен пара-пар. Жер жерде жекешелендіру науқанын, реформалау науқанын, өзінің беделінің арқасында мойындамай біртұтас шаруашлық сақтап қалған басшылардың барысында әлі де болса ұжымдық шаруашылық негізінде әрекет жасап жатқан ауыл шаруашылық кәсіпорындары Ақмола облысы, Қостанай, Солтүстік қазақстан облысында баршылық. Өндіріліп сыртқа шығарылып жатқан бидайдың көпшілігі де солардың үлесінде. Ұсақ жеке фермер шаруашылықтарының Қазақстан жағдайында қауқарсыз дәрменсіз екенін енді соқыр да көрген сиқты. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалуға тиісті. Осыған сәйкес кешегі шаңырағы ортасына түскен ауылдарды қайта біріктіріп, көп салалы ірі кәсіпорындарды қалпына келтіру қажет. Бұл ірі кәсіпорындар әртүрлі салаларды ұштастыра отырып, жыл бойы тұрғындарды еңбекпен қамтамассыз етіп және әлеуметтік мәселелерді шешуге тиісті. Көктем егін себу, жаз шөп шабу, күз егін орағы, қыс мал қыстату деген кезеңдерде бүкіл ұжым мүшелері еңбекпен қамтылып отырады. Ірі кәсіпорынның өнімінің өзіндік құн төмендейді, табыс артады, жалақы мен пайдадан артылғанын әлеуметтік мәселелерге, тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталады. Мұндай сақталған шаруашылықтар үлгі бола алады. Мысалы Сандықтау ауданында Максимов совхозы, Жақсы ауданында Подгорный совхозы мұндағы тұрғында жалақымен қатар азық түлікті де натуарлды тұрде алады, онымен қатар қосалқы шаруашылықтары жем шөппен қамтам. Мәдениет үйі, кітапханасы, көркем өнерпаздар үйі сол қалпында әрекет жасап тұр. Жекешелендіріп жаппай ауылқы қаңғырту кезеңінде батылдық танытқан басшылардың бірі Қостанай облысының әкімі Балташ Тұрсынбаев болатын. Күзді күні Қазақстан осынша бидай жинады дегенде, оның ішінде Қостанай облысының үлесі ерекше екеніне қарап оытрып Балташ ағамызңға алғысымызды жасыра алмаймыз.
-Сіз - ұлтшыл азаматсыз. Жастар мен зиялы қауымға бұрынғы қоғамдық қайраткерлігіңізді айтып берсеңіз, үлгі болсын. «Ақмола» атауын қайтартуға қатыстыңыз, басқасы бар.
1951 жылы Ақмола облысы Балқашин ауданы Амангелді (Жыланды) ауылында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Білім Ғылым Министрлігінің Экономика Институтының Астанадағы филиалының директоры. Жоғары оқу орындарында дәріс беріп жүргеніме 30 жыл болды.
Ұлттық жұмыстағы негізгі бағыт: саяси-қоғамдық жұмыс арқылы қазақ мемлекеттілігін, шынайы экономикалық, саяси тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ халқының мемлекет құрушы, мемлекет иесі ретіндегі бірден-бір ұлт болу үшін күресу.
1985 жылдан -1987 жылға дейін Арқалық Педагогикалық Институтында студенттердің «Жадыра» шығармашылық бірлестігін құрып, жетекшілік еттім. Ұлтжанды патриоттық рухта «Асан менҮсен» атты пьеса жазып, институт сахнасында және «Студеннтер көктемі - 1986» конкурсында қойылым ұйымастырдым. 1986 жылдың 18 желтоқсанында қазақ радиосынан солақай саясатқа қарсы сөз сөйледім. 22-желтоқсанда 1986 жылы институт қабырға газетінде Лениндік ұлттық саясат жайлы мақала жарияланып, сол кездегі қуғын - сүргінге түстім. 1987 жылы қаңтар, ақпан айларында 1931-33жылғы Қазақстандағы аштық жайлы лекциялар оқып, жергілікті «Ұлтшылдар көсемсымағы» деген атаққа ие болдым. Партком, ректорат шешімімен Арқалықтан кетуге мәжбүр болдым.
1987 жылдан Целиноград қаласында еңбек еттім. Ақмола қалалық студент жастарының «Парасат» қоғамдық бірлестігінің саяси жетекшісі болдым. (1989-1994 ж.ж.) Ақмола облыстық халық депутаты (1991-1993ж.ж.) Целиноград (Ақмола) қаласында желтоқсан оқиғаларына (1986 ж.) арналған митингтерді басқардым. (1990, 1991, 1992, 1993 ж.ж.), тоталитарлық жүйені айыптап, аштық, қуғын-сүргін құрбандарына арналған митинг, сембілік (қала зираттарында), ас беруді ұйымдастырып, басқардым. (1991, 1992 ж.ж.). «Ақмола аты қайтарылмай елге қайтпаймыз»деген ұранмен Алматыдағы Жоғарғы Кеңес үйі алдында аштық жарияланған топты басқарып бардым. (маусым, 1992 ж.). І. Дүниежүзілік қазақтар Құрылтайына делегат болып барып, бірнеше шет ел отандастарымызды Ақмола қаласына алып келіп, қала тұрғындарымен, студенттермен кездесулер өткіздім. Облыстық телевидениеден «Ұлағат», «Хроника великого джута» деген айдармен жиырма шақты авторлық телехабарлар жүргіздім.
1995 жылғы 24-26 шілделерінде Қазақстанда алғашқы рет «Қазақстанның қоғамдық дамуындағы ислам мәдениеті» атты аймақтық мәдениеттану конференциясын өткіздім.
1992 жылы күзде Богоевский бастаған Ақмоладағы қазақтар жиынын таратуға ат салыстым. Орыс тілдестерге сөзімізді жеткізу үшін «Азамат - Times» республикалық ұлттық келісім газетін құрып, редакция құрамында жұмыс атқардым (1993-1998 ж.ж.). «Невада - Семей», «Азат», «Қазақстан халық конгресі», «Жұмысшы жастар ассоциациясы», «Өрлеу» т.б. Ақмоладағы бөлімшелерін құруға және «Парасат» қоғамдық Ақмолалық студент жастар бірлестігін құруға мұрындық болдым. М. Шахановтың «Халық руһы» демократиялық партиясын құруға ат салысып, Астаналық ынталы топқа жетекшілік етіп келемін. Осы партияның құрылтай съезінде Саяси бюросы мен Орталық Комитетіне мүшелікке сайландым.
Менің пір тұтатын адамдарым: Әлейхан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Жұмабек Ташенов.
Арзан шет ел өмір үлгісіне еліктеп, ұлттық болмысыңды жоғалтып алмаңыздар, жас достар. Сен із - түзсіз тарих бетінен жойылмау үшін өз діліңді сақтауға ат салыс!
-Қазақстан экономикасын халық мүддесіне бұратындай қысқаша тұжырым айтсаңыз. Елдегі шағын-орта кәсіпті көтереміз дегеніне биліктің кемі он бес жыл болды - нәтиже бұрынғы.
- Қазақстан экономикасын халық мүддесіне бұру үшін ең бірінші кезекте ата заңымызға меншікке айланысты өзгеріс енгізу қажет. Мәселен табиғат ресурстары: жер оның қойнауындағы байлықтар т.б. халықтық меншікте деп жариялануға тиісті. Осыдан кейін экономикада әлеуметтік бағыт алатынына еш күмәнім жоқ.
-Ауылға Ақша бөлдік делінеді, ауылдағылар одан дымда сезбейді, болмаса жеңіл несиеде ала алмайды. Ал оны кім алатынын білесіз бе, ауылдағы бер-екі ірі шаруа қожалық яғни, бір не екі бай алады. Қарапайым ұсақ шаруаларды қолдаудың жолы бола ма? Жоқ «бай байға сай сайға құядымен» жүре бермек пе?
-Ұсақ шаруашылықтардың өкінішке орай оңтүстіктегі көкөніс өнімдерін өндіру сияқты суармалы өсімдік өсіру саласы болмаса, болашағы жоқ. Сондықтан ұсақ шаруалар кооперативке, ұжымдық шаруашылықтарға бірігіп әрекет жасауы қажет. Тек бірлесіп, тізе қосып, жергілікті жемқорлар мен бюрократтарды жеңуге болады. Ұсақ шаруашылықтың орта ғасырлық артта қалған экономиканың жұрнағы екенін түсінетін мезгіл жетті.