Сенбі, 23 Қараша 2024
3006 3 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 10:50

Беларусь АҚШ-тан мұнай сатып алу жолын іздестіріп жатыр

Беларусь алғаш рет АҚШ мұнайын сатып алу жолдарын қарастырып жатыр. Осы арқылы Минск мұнай импорты бойынша Ресейге тәуелділіктен құтылғысы келеді.

Минскінің Америка мұнайын сатып алу идеясы Ресейдің Беларусьқа одақтас республика құруға тырысып жатқан тұста пайда болды. Минск пен Мәскеудің одақтас республика құру жобасы жиырма жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ бұл әлі қағаз жүзіндегі жоспар.

«Белнефтехим» концернімен бірігіп жұмыс істейтін Беларусь мемлекеттік мұнай компаниясы Дэвид Джэнкареллиді жалдаған. Ол АҚШ-тың Беларусьқа салған санкцияларын алуға тырысып көрмек. Бұған қоса, Джэнкарелли АҚШ-тың қаржы министрлігінен Беларусь мұнай компанияларына америкалық мұнайларды сату және жеткізуге лицензия алу үшін Вашингтонмен келіссөз жүргізеді.

Отыз жылдай келіссөз жүргізу жұмыстарымен айналысып жүрген Джэнкареллиден Минскінің идеясына қатысты қандай да бір пікір алу мүмкін болмады. Ол Facebook парақшасына клиенттері өзінің көмегінің арқасында «конгресс залы» және федеральдық агенттіктермен байланысуға мүмкіндік алғанын жазды.

АҚШ-тың Беларусьтағы елшілігі бұл жайтқа байланысты пікір білдірмеді.

Ресей соңғы уақытта Беларусьқа ықпалын күшейтіп, Минскіге көп мөлшерде кредит ұсынып келеді. Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкоға бірнеше рет ортақ валюта енгізу идеясын ұсынған. Әзірге Минск бұл ұсынысқа нақты жауап берген жоқ.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404