Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4733 9 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 12:16

Атыраудың жағдайын жақсартуға не кедергі?

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ең көп салық пен төлемдер Атыраудан түседі.

Мен 2017 жылдың соңында Атырауда 1 айға жуық болдым. Қаланың жағдайына жаның ашиды. Көше деген шаң-топырақ. Бейне бір Қазақстанның қаласы емес, 2015 жылғы жер сілкінісен кейінгі Катмандуда жүрген сияқтысың. Жаңбыр жауған күні аяқ алып жүру мүлдем мүмкін емеc... Жағалау боп - бос. Жәндіктер жаныңды көзіңе көрсетеді. Атыраулықтардың Астанада не үшін қиналмай жүретінін сол кезде түсіндім. Қаланың шеттері жайлы айтпасақ та болады. Жаңа салынған үйлердің бірінші қабаттарында ештеңе де жоқ. Терезелер сынған. Іші мен асты қоқыс. Қайталап айтам, бұл оның жаңа мөлтекаудандарындағы жағдай. Әуежайы кіп-кішкентай. Дым жоқ. Бір ғана гейт болды-ау қателеспесем.

Батыстың ресурсымен Астананы көтеріп алдық. Бірақ, сол қалалардың өздеріне жағдай жасауға болады ғой. Көшелерге қарап бұл регион Қазақстандағы ең кедей тұратын қала ма деп ойлайсың. Жасыл желек жоқтың қасы. Көзге түрпідей көрінетін қара ағаштардан басқа ештеңе де жоқ. Көпірі мен паркы бар екен, әйтеуір. Оған да шүкір дедік. Көзжасы бөлінетін безіңіз істен шыққан адам болсаңыз, осы қаланың мектептер мен балабақшаларының ғимараттарына қарап отырып, көңіліңізді босатып еріксіз жылап алуға болады. Орталық көшелер салыстырмалы түрде жақсы болғанымен, сәл бұрылып сол орталықтағы үйлердің арасына кірсеңіз, ескілікке қарап тұрып, көзің ауырып кетеді. Ойда жоқта біреу келіп «Товарищ, долго нельзя смотреть!» дейтін сияқты. Ұзақ қарап тұрсаң, құлайтындай. Бейне бір Атырауды Кеңес Үкіметінің көзіндей қып, дәл сол күйінде арнайы сақтап отырғандай сезімде болдым.

Көне Сарайшықтың жағдайын айтудың өзі абсурд. Қала көреміз деп барғанымда, тегістеліп қалған 3-4 қабырғаны ғана көрдік. Оның өзі сәл итерсең жерге құлайын деп тұр. Судың жары жақындап, ескі орындар үгітіліп кеткен. Арасында құмыра сынықтары суға ағып жатыр. Әйтеуір, қаланың орны деп сеткі тартып қойыпты. Реставрация деген атымен жасалмағаны көрініп тұр. Меніңше алдағы 3-4 жыл жауын мен су тасуы болса, Сарайшықтың қалдықтарымен де қоштаса беретін сияқтымыз. Түркістан, Алматы, Жамбыл т.б. облыстар Атырауға қарағанда кемі 50 есе аз салық төлейді. Бірақ, қалалары әлдеқайда көрнекі һәм жүйелі. Қаншама шетелдік компания бар Атырауда. Олардың берген ақшаларын «әлгі қалтаға» жіберіп, «Патшаға» сыйлық жасай бермей, ең болмаса, аз бөлігіне Атыраудың жағдайын жақсартуға не кедергі? Көне Сарайшықты қалпына келтіруге не кедергі? Осы басқа елдерде шетелдік компаниялар өздері еңбек ететін қаланы гүлдендіріп жатады ғой. Үкімет былай тұрып, әкімшіліктердің шарттар қойып, әртүрлі жаңа нысандарды салу, қаланы абаттандыру бойынша тәп-тәуір қолдау жасатып жүр ғой. Халықтың үйі мен күйі иттің үйшігінен жаман боп тұрғанда біздікі осы не «қонақжайлық» деймін да қарап отырып.

Еліміздің оңтүстік, солтүстік, шығыс, орталық облыстардың бәрін қоссаңыз да, бір ғана Атыраудан түсетін қаржының жартысына да жетпейді. Білмегендер болса, біле жүріңіздер. 2018 жылы Атырау облысынан Ұлттық Қорға 1 444 398 443 теңге аударылған екен.

Садық Шерімбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395