Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7153 8 пікір 26 Тамыз, 2019 сағат 13:19

ЛГБТ белсенділері өз шерулерін өткізуге өтініш берді

ЛГБТ белсенділері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өз шерулерін өткіземіз деген ұран тастады. Демократия мен либерализмнің тамырына балта шауып, тоталитаризм мен диктатураны қолдағанымыз емес, бірақ, осындай табиғат пен адамзатқа қарсы құбылыстарға жол беруге болмайтын сияқты. Өз ойым.

Малғұн хайуандардың өзі аталық пен аналық болып бөлінеді, тіпті жеміс-жидектін де "мальчик-девочка" деген айырмашылықтары болады. Ал ЛГБТ қозғалысы болса, барлығын сырып тастап, адамзатты табиғат заңына да, Жаратушының философиясына да қарсы итермелеуде.

Қазақтың рухани кодын кім құртпады?

Сонау патшалық Ресейден бастап, Кеңес Үкіметіне дейін құртып келді. Тіліміз бен ділімізді ұмыта жаздадық. Мәдени, рухани, дәстүри, имани, қазақи болмысымыздан айыра жаздаған жылдарды бастан өткерген ұлтпыз. Енді міне, жаңа алапат, жаңа зұлмат, жаңа жаудың қарасы көрінгендей. Ерімізді ерліктен тайдырып, қызымызды қылығынан айырайын деген жау келді, Ағайын!

Осындай зымиян тірлікке Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының әкімшіліктері шара қолданып, қазақ құндылықтары мен қазақи атмосфераны қорғап қалу мәселесін билік шешу керек деп ойлаймын.

С.Нұртаза

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377