Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2797 0 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 11:08

Сайра Қажыоспан. Алаш құрметіне қойылатын ескерткіш қандай болмақ?

Кейінгі үш жылда Семейде тарих және мәдениет ескерткіштері санатынан табылатын үш ескерткіш орнатылды. Бірі жауға қол  бастаған Қабанбай батырға арналса, екіншісі ортамызға қайта оралған абыз ақын Шәкерім Құдайбердіұлының мерейтойына орайластырып екінші рет қойылды, үшіншісі саяси қуғын-сүргін құрбаны, абайтанушы алыптардың бірі Қайым Мұхаметқанов ақсақалға арналған.

Олардың қатарын аз уақытта Парижді қазақ әнімен таңғалдырған әнші Әміренің, Алаш қозғалысының не­гізін қалаушы қоғам қайраткері Әлихан Бөкей­ха­новтың құрметіне қойылған мүсіндер толықтырды. Бұлардың барлығы өз ісінде халық игілігі үшін жан аямай еңбек етіп, рухани мұра қалдырған, қандай болсын, сый - құрметке лайық тұлғалар. Дегенмен кәсіби ше­бер­лердің, өнер сыншыларының ортақ ойына келсек, кейінгі жылдар аралығында қазақтың өнері мен ғылымының іргетасын қалауға бір кісідей атсалысқан осы азаматтарға арналған мүсін-ескерткіштердің сын көтермейтіндігі жиі айтылып жүр.

Семейдің өз басындағы ескерткіштерді сараптап қарасақ, бәрінің де бүкіл еліміздің тарихы мен мә­де­ние­ті үшін айрықша маңызы бар екенін аңғаруға бо­ла­ды.

Кейінгі үш жылда Семейде тарих және мәдениет ескерткіштері санатынан табылатын үш ескерткіш орнатылды. Бірі жауға қол  бастаған Қабанбай батырға арналса, екіншісі ортамызға қайта оралған абыз ақын Шәкерім Құдайбердіұлының мерейтойына орайластырып екінші рет қойылды, үшіншісі саяси қуғын-сүргін құрбаны, абайтанушы алыптардың бірі Қайым Мұхаметқанов ақсақалға арналған.

Олардың қатарын аз уақытта Парижді қазақ әнімен таңғалдырған әнші Әміренің, Алаш қозғалысының не­гізін қалаушы қоғам қайраткері Әлихан Бөкей­ха­новтың құрметіне қойылған мүсіндер толықтырды. Бұлардың барлығы өз ісінде халық игілігі үшін жан аямай еңбек етіп, рухани мұра қалдырған, қандай болсын, сый - құрметке лайық тұлғалар. Дегенмен кәсіби ше­бер­лердің, өнер сыншыларының ортақ ойына келсек, кейінгі жылдар аралығында қазақтың өнері мен ғылымының іргетасын қалауға бір кісідей атсалысқан осы азаматтарға арналған мүсін-ескерткіштердің сын көтермейтіндігі жиі айтылып жүр.

Семейдің өз басындағы ескерткіштерді сараптап қарасақ, бәрінің де бүкіл еліміздің тарихы мен мә­де­ние­ті үшін айрықша маңызы бар екенін аңғаруға бо­ла­ды.

Ақиқатында, кез келген тарихи, архитектуралық мұраның мән-мағынасын талғам безбеніне салып баға беру үшін сол мұраның дүниеге келген уақытын, дү­ниеге әкелген қоғамын, қандай себептермен, кім үшін салынғанын анықтау керек. Сонда ғана оның көркемдік құдіреті жарқырай көрінеді. Сонда ғана асыл мұра шын мәнінде халықтың рухани игілігіне айналады. Қандай да болмасын, сәулет өнерінің ескерткішін көрген адамның қызығып, көптеген сұрақтарға жауап іздейтіні ақиқат. Кейінгі бес жылда «Алаш» ұлттық-демо­кратиялық қозғалысының құрметіне ескерткіш орнату қажеттігі жайлы әртүрлі ұсыныстар айтылып жүр. ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының жол бас­тау­шысына айналған «Алаш» ұлттық-демократиялық қоз­ғалысы мен Алашорда үкіметінің ұлт тарихын қа­лып­тастырудағы алар орны ерекше. Алашорданың уақытша орны - Семей каласы. Қаланың Заречная сла­бодка, қазіргі Жаңасемей деп аталатын бөлігін Алаш үкіметінің астанасы ретінде қалыптастыру жөнін­дегі шешім сол кездегі қала құрылысының бас жос­па­ры­на да енгізіліген.

Оның картасы қаланың Қазіргі заман тарихы құ­жат­тамасы орталығында сақталған. Биыл осы ұсы­ныс­тарды ескерген ҚР Мәдениет министрлігі ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Семейде «Алаш» ұлттық-де­мо­кра­тиялық қозғалысының құрметіне ескерткіш орнату туралы шешім қабылдады. Ол ес­керт­­кіштің мазмұны қалай болар екен деп жүргенде, жергілікті әкімшіліктің назарына жоғарыдан бекітілген жоба нұсқасы келіп жетті. Қазақ қоғамының жол бас­тау­шысына айналған қоз­ғалыс басшылығында Әлихан Бө­кейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұ­хамеджан Ты­ныш­баев секілді көрнекті тұлғалар тұр­ғанын, қазақ зия­лыларының «Алаш» қозғалысын құ­руының өзіндік ерек­шеліктері болғанын, олардың де­мократиялық бағытты ұс­танғанын білетін жұрттың жо­бада осы мазмұн көрініс бере ме екен деген үмітте бол­ға­ны анық.

Нұрбұлан ӨТЕПБАЕВ, ҚР Дизайнерлер одағы Семей бөлімшесінің төрағасы;

- Бүгінде атына заты сай емес  біраз дүниелердің қаптап кеткені алаңдатады. Солардың қатарына ел алдында зор еңбегі бар, тарихи тұлғаларға жасалған ескеркішті тұлғаға арнап жасалған қиянат дегеннен басқа амал жоқ. Мәдениет­ті, эстетикалық талғамы жоғары қоғам өкілдерін тәрбиелеу - инемен құдық қазғандай күрделі іс. Өнерді танып-білудің өзі - өнер, ал оған баға беру тіпті қиын. Көзге іліккен картинаны атүсті шектен тыс мақтап жіберу бейнелеу өнерін танымағандық  - делитанттық. Өкінішке қарай, өнер дегенде мамандардан гөрі, биліктің айналасында жүрген жандайшаптар­дың пікірі өтімді болып кететіні өкінішті.

Бұл мәселені сөз етіп отырғанымызға - «Алаш» ұлттық-демократиялық қозғалы­сы­ның құрметіне Семейде енді қойылайын деп жатқан ескерткіштің нұсқасы себеп болды. Ескерткіштің жобасындағы жалау көтерген жалаңбас қазақтың қандай идея­ны ту етіп тұрғаны белгісіз. Осы жобаның нұсқасын көр­се­тіп, біраз жастардан «бұл кімге арналған ескерткіш?» деген шағын сауалнама жүр­гіз­генімізде, бірі «кедей, шаруаға шығар» десе, бірі «революционер­лердің құрметі­не» шығар,ал бірі «қолында жалауы бол­маса, Қажымұқан атамызға ұқсайды екен» деген де пікірлер айтқан.

Бірақ бұл жобаны Алаш тарихына арналған деп ешкім дөп басып айта алма­ды. Тегінде бұл жобаны 32 жұмыстың арасынан таңдап алғанда комиссияның неге мән бергенін түсіну қиын. Әрине, біз мүсінші болмағаннан кейін оның көлемі, формасы, тіпті жасалатын материалы тура­сында сөз қозғаудан аулақпыз. Бір көрген­де аталған дүние тақырыбына, мазмұнына сай болса деген ниет қана. Алаш тарихынан хабары мол, Алаш идеясын құрмет тұтатын, оны зерттеумен, кейінгі ұрпаққа жеткізумен айналысып жүрген азаматтарға да хабар­ласып, жолыққан едік.

Тұрсын Шаңбай, алаштанушы:

- Алаш деген ұғым бүкіл бауырластықты білдіреді. Сондықтан береке-бірлікке шақырған адамның бейнесі қандай болмақ. Жалпы, Алашқа арналған ескерткіш өзінше асқақ болуы қажет. Ол біздің қаланың образын ашуы керек. Сол жағалау Алаш қаласы деп аталады. Ал егер Алашқа байланысты ескерткіштің мағынасы ашылмай тұрса, кейінгі ұрпаққа не деп түсіндіреміз. Алаш қозғалысын Қазан төңкерісін жасаған революционерлермен салыстырмау керек. Алаштың ірі тұлғаларының әрбіреуі бір-бір ғылымның басында тұрды.

Бір айтарлығы, қаламызда Алаш қоз­ға­лысына қатысты ауқымды жоба іске асы­рыл­ғалы жатқанынан жергілікті ҚР Мү­сін­шілер және Суретшілер одағы бөлімшесі хабарсыз болып шықты. Тіпті олар жобаның нұсқасын талқылаған жиынға да шақырыл­маған.

Білетініміз: оған Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы құрметіне орнатылатын ескерт­кіш белгілердің бірі ретінде қаржы қарас­тырылып, көпірге кірме жолдағы шеңберде жер телімі бөлінгені. Жоғарыдан бекітіліп кеткен жоба авторына басшылар «мүсіннің басына баскиім кигізіп, беліне белбеуін тақсаңыз болды» дегендей ғана ескерту жасаған екен.

Осы тұрғыдан алғанда, иісі қазаққа ор­тақ дүниенің құрметіне қойылатын белгінің алаштанушылардың қатысуынсыз бекітіліп кеткені таңғалдырады. Десек те, жобаға жақсы да мағыналы өзгерістер енгізуге әлі де болса кеш емес.

Сайра ҚАЖЫОСПАН, Семей қаласы

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395