Сенбі, 23 Қараша 2024
3892 0 пікір 27 Тамыз, 2019 сағат 17:50

Сыр өңіріне келушілер саны артқан

Сыр өңіріне соңғы жылдары келушілер саны 62,2% және ішкі туризмнің келушілер саны 69,1% көбейген,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазақстан Республикасының туристендіру картасына Қызылорда облысынан 3 нысан енгізілді. Атап айтқанда, «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Ерекше тоқталатын жайт, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы еліміздің туристендіру картасының алғашқы ТОП-10 нысандар тізіміне алынды. Бүгінгі таңжа аталған жоба облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Жоба бойынша ойын-сауық туристік аймағында сауда орталығы, әлемдік стандарттарға сәйкес қонақ үй, мейрамхана, жаңа телекоммуникациялық байланыспен жабдықталған кино және ойын-сауық залдары, боулинг, бильярд, әртүрлі техникалық арнайы эффектілері бар ғарыштық аттракциондар, «hi-tech» технологияларымен, зымырандардың іске қосылуын бақылауға арналған заманауи қондырғылар, SPA-орталықтар, аквапарк, ұлттық кәдесый өнімдерінің дүкендері, этноауыл, ғарыш мұражайы салынбақ.

Қазіргі күні «Қамбаш» көлінің жағалауында туристтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы инвестиция көлемі 105 млн.теңге болатын 90-нан астам нысан іске қосылды. Сондай-ақ туристер катерлерді, жел қайықтарын, катамарандарды және гидроциклдерді пайдалана алады. Айта кететін жайт, туристік нысан Байқоңыр қаласының тұрғындары арасында ерекше сұранысқа ие және демалыс турлары аясында дамып келеді. 2018 жылы Қамбаш көліне 89 000-ға жуық адам келген еді.

Ал Жаңақорған шипажайына жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен алыс-жақын шет елдерінен келуші туристердің саны артқан. Мұнда 88 орынға есептелгенжаңа заманауи шипажайдың құрылысы басталып, жыл соңына дейін іске қосылу жоспарлануда.

Облыста «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы бойындағы жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу үшін Қызылорда облысының бөлігінде 44 нүкте белгіленген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379