Сайлау Байбосын. Тiл жанашыры Руза сотқа шағымданды
Өткен аптада Павлодар қалалық сотында мемлекеттiк тiлге қатысты сот отырысы өттi. Бұл егемендiк алғалы берi осы аймақта туған тiлiмiздiң намысын қорғау бағытындағы тұңғыш рет заң таразысына тартылған мәселе болғасын, әдейi барып қатыстық. Арызданушы - сол өңiрдегi белгiлi ұлт жанашыры, "Желтоқсан ақиқаты" қоғамдық қозғалысының төрайымы Руза Бейсенбайтегi. Жауапкер - "Павлодарлифт" серiктестiгi. Руза Зайкенқызын ерiксiз сотқа жүгiнуге мәжбүрлеген тағы да сол, осы өңiрде екi күннiң бiрiнде болып тұратын белгiлi жайт - қазақ тiлiн тiл деп есептемейтiн шовинистердiң шектен шыққан iс-әрекеттерi.
Өткен аптада Павлодар қалалық сотында мемлекеттiк тiлге қатысты сот отырысы өттi. Бұл егемендiк алғалы берi осы аймақта туған тiлiмiздiң намысын қорғау бағытындағы тұңғыш рет заң таразысына тартылған мәселе болғасын, әдейi барып қатыстық. Арызданушы - сол өңiрдегi белгiлi ұлт жанашыры, "Желтоқсан ақиқаты" қоғамдық қозғалысының төрайымы Руза Бейсенбайтегi. Жауапкер - "Павлодарлифт" серiктестiгi. Руза Зайкенқызын ерiксiз сотқа жүгiнуге мәжбүрлеген тағы да сол, осы өңiрде екi күннiң бiрiнде болып тұратын белгiлi жайт - қазақ тiлiн тiл деп есептемейтiн шовинистердiң шектен шыққан iс-әрекеттерi.
Бұл жөнiнде Руза Бейсенбайтегi өзi былай дейдi: "Мен "Павлодарлифт" ЖШС-не 3453 теңге берешек едiм. Бұрын төлемақыны жинау үшiн үйге ұлты қазақ бақылаушылар келiп тұратын. Тұтыну ақшасын соларға төлеп тұратынмын. Олар келмеген күннен бастап, берешегiм өсе бастады. Әрине, берешегiмнен бас тартпаймын. Қазiр де төлеуге даярмын. Бiрақ мәселе басқада болып тұр. Қазақ ұлтты бақылаушылары келудi қойғаннан кейiн, маған «Павлодарлифтiден» "Заплатите за лифт" деген орыс тiлiндегi ескерту қағаз келдi. Мен мән-жайды бiлмек болып, оларға телефон шалып, қазақша сөйлеп едiм, "Говорите по русский" деп сөйлескiлерi келмедi. Мен өзiмнiң қазақтiлдi адам екенiмдi, түбiртектердiң тек орыс тiлiнде жазылғанын және қызметкерлер менiмен үнемi орысша сөйлесетiнiн айтып, "Тiл туралы" заңды, менiң конституциялық құқығымды бұзып отырғандарын жеткiздiм. Және түбiртек қазақша жазылып, қызметкерлер менiмен қазақ тiлiнде сөйлеспейтiн болса, төлемақыны төлемейтiнiмдi ескерттiм. Менiң бұл сөзiмдi естiген телефонның ар жағындағы "Павлодарлифтiң" қызметкерi: "Еще пожалеете о своем казахском, вот подадим в суд, тогда посмотрим, на каком заговорите!" - дедi. Содан кейiн қанша қоңырау шалсам да, жауаптары не осы сарындас болады, не болмаса тұтқаны лақтыра салады".
Бұл былтыр күзде басталған дау болатын. Ақыры Рузаға екi тiлдегi түбiртектер тек маусым айында ғана келедi. Бұл уақытта 3453 теңге берешек 6 мыңнан асады. Оның үстiне түбiртектер қалай болса солай толтырылып, Руза Бейсенбайтегiнiң аты-жөнi "Павлодарлифт" пен екi арадағы келiсiмшартта дұрыс жазылғанымен, түбiртектер үнемi қате толтырылып келген. Мысалы: "Бейсенбай ТЗ", "Бейсенбай MERI", "Бейсенбай Т.З.", "Бейсенбай тiги ТЗ".
Бұл тек Руза Бейсенбайтегiн ғана емес, "мемлекеттiк" деген дәрежесi бар қазақ тiлiн, қазақ тiлiнде сөйлейтiндердi қорлау деп түсiнген жөн. Мысалы Иванов деген фамилияны Диванов немесе Сиванов деп жазып көрiңiзшi, сiздi барып тұрған нақұрыс дер едi онда. Ал қазақ тiлiндегi сөздi қалай жазсаң да еркiң деп бiледi олар. Себебi оны тексерiп, абырой-мәртебесiн қорғап жатқан адам жоқ. Дегенмен, Руза Бейсенбайтегi тәуекелге бел буып, амалсыздан осындай қадамға барып отырғанын байқаймыз.
Өзiнiң конституциялық құқығы аяққа тапталған Руза "Павлодарлифт" серiктестiгi менен кешiрiм сұрасын дейдi және 100 мың теңге көлемiнде моральдық шығын талап етiп отыр.
Қазақ тiлiнде жүрген сот процесi барысында судья Медерова Руза Бейсенбайтегiне: "Аты-жөнiңiздегi "тегi" деген сөз ненi бiлдiредi?" "Төлқұжатты неге "Руза Зайкенқызы" деп алмадыңыз?", "Орыс тiлiнде жазылған түбiртектер сiзге моральдық-психологиялық зардабын тигiздi ме, денсаулығыңызға зиян келтiрдi ме?" деген секiлдi "қызық" сұрақтар қойды. Бүгiнде екi адамның бiрi алып жүрген "тегi" деген жалғауды күнiне талай адамның iсiн қарап жүрген судья келiншек қалай бiлмейдi екен деп ойладық. Жауапкер "Павлодарлифт" серiктестiгiнен өкiл боп келген орыстiлдi әйел аудармашы арқылы Рузаның қойған бар талап-тiлегi негiзсiз деген жауап бердi. Оны да ана жақтан жақсылап үйретiп жiберсе керек, тағы да сол Конституциядағы "Орыс тiлi қазақ тiлiмен бiрдей қолданылады" деген бапты көлденең тартты. "Ал Бейсенбайтегiне бiздiң қызметкерлердiң қайсысы дөрекi жауап бергенiн анықтау мүмкiн емес, себебi диспетчерлер кезекпен iстейдi, оның үстiне ондай сөз айтылды ма, әлде айыпкер өзi ойдан шығарып тұр ма" деген жаңағы әйел арызданушының өзiне жала жабуға айналды.
Сөйтiп, бас-аяғы 20-25 минутқа созылған сот процесiнiң шешiмi кейiнге қалдырылды. Руза Бейсенбайтегi ендi өзiнiң сөзiн дәлелдеу үшiн диспетчердiң телефонмен берген жауабының қағаздағы нұсқасын (распечатка) әкелуi керек (егер ол мүмкiн болса) және сол сөздi естiген куәгер бiр адамды табуы керек. Ол болмаса барлығы жалған болып шығады.
Бұл жерде ақиқат Рузаның жағында екенi айтпаса да белгiлi. Бiрақ соны дәлелдеу оңайға соқпайын деп тұр.
Ендi барлығы судья Медерова ханымға байланысты. Егер ол сөзiң дәлелсiз деп, арызданушыны жығып берсе, Кереку өңiрiнде бұдан былай ешкiм де қазақ тiлiнiң намысын жыртып, соттаспайды деген сөз. Ал дұрыс деп тапса, бұл жақта тiл мен рух деп жанұшырып жүрген бiраз адамдардың еңсесi көтерiлiп қалатыны тағы рас.
Бiр өкiнiштiсi, жайшылықта осы өңiрде қазақ тiлi деп өңешiн жыртып жүретiн "ұлт жанашырларының" сол сот процесiне келiп қатыспағаны да көп нәрсенi аңғартқандай. Басқасын айтпағанда, оралмандардың қаладағы "Асар" қоғамдық ұйымы, қазақтiлдi баспасөз бен "Қазақ тiлi" қоғамының өкiлдерi келуi керек едi. Тым болмаса, басқалардың алдында қарамыз молаяр едi. Егер сол жерге аты белгiлi бiреулер келiп, телекамераға түсiрiп жатыр десе, мiнбеге шығып сөз сөйлейсiң десе, бiрi қалмай келер едi-ау дедiк. Бұл - сол бойымыздағы арылмай келе жатқан "қазақы дерт". Өзiмiзше тiлдiң намысын, ұлттың намысын жыртқан боламыз. Жеме-жемге келгенде, басымызды ала қашамыз.
Сонымен, соттың келесi отырысы шiлденiң 26-жұлдызына қалдырылды. Не болар екен?!
«Жас Алаш» газеті