Сенбі, 23 Қараша 2024
2166 0 пікір 5 Тамыз, 2019 сағат 19:40

«Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясы Қызылордада күзге дейін жалғасады

2019 жылы 20 шілдеде ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған «Birge - Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы Қызылорда облысында әр апта сайын өткізіліп келеді.

Облыс басшыларының айтуынша, «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясы Қызылорда облысында күз мезгіліне дейін жалғасатын болады.

Бүгін Қызылорда қаласында өткен экологиялық акцияға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты. Естеріңізге салайық, алғашқылардың бірі болып акцияға Қызылорда облысы қолдау білдірген болатын. Сыр өңіріндегі экологиялық акция Арал ауданындағы Көкарал бөгетінің жанын тазартудан басталды.

Ауданға арнайы сапармен барған Аоблыс әкімі Қуанышбек Ысқақов эстафетаны өңірдің барлық аудандары мен елді мекендеріне жолдаған еді. Бүгінгі акцияға облыстық мекемелер, жастар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Облыс орталығында Сырдария өзенінің жағалауынан құтқару мекемесі аралығындағы аумақ қоқыстан тазартылды. Бұл аумақтың жалпы ұзындығы 8 шақырымға жуықтайды. Акцияға 7 мыңға жуық адам атсалысты. Акцияны әр сенбі сайын күз айына дейін жалғастыру жоспарлануда. Шара аясында қатысушылар тарапынан жақын маңда орналасқан тұрғын үй иелеріне қоқыстарды бей-берекет тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401