Баспасөз релизі
23 шілде 2011ж. Астана қ.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң ХҚКО-ның халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуін реттеуді жетілдіруге бағытталған. Және аталған құжатқа енгізілген негізгі өзгеріс ХҚКО жұмысын ұйымдастыру функцияларын жергілікті атқарушы органдардан ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне беруге негізделген.
Сонымен қатар, «Әкімшілік іс жүргізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әділет ұйымдары туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу және онымен келісім жасасу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарға өзгертулер енгізуді көздейді.
Бұдан өзге, Заңда «бір терезе қағидаты», «халыққа қызмет көрсету орталығы», «әлеуметтік-маңызды қызметтер» түсінігіне анықтама берілген.

Қазір ХҚКО-ның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйесімен алмасуы және әлеуметтік-маңызды қызметтердің тізімі мен критерийлерін анықтау бойынша Үкіметтің құзыреттілігі айқындалуда.
Үкіметтің Регламентіне сәйкес, Байланыс және ақпарат министрлігі бір ай мерзімде тиісті құқықтық-нормативтік актілерді дайындап, оны Үкіметке енгізуі қажет.
Қабылданған Заң халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттырады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын реттеу комитеті еліміздегі ХҚКО-ның жұмысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
ҚР БАМ Баспасөз қызметі
/7172/ 74-10-04