Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 4589 3 пікір 5 Қыркүйек, 2019 сағат 11:16

Өмір сапасы – ұлт әл-ауқатының көрсеткіші

Осы Жолдаудың барынша ауқымды мәселелер қатарын қамтуға деген талпыныс жасағаны байқалып отыр. Бұл кездейсоқтықтан емес деп ойлаймын, себебі айтылған мәселелердің көбі соңғы уақытта сарапшылардың көтерген, ақпараттың кеңістікте орын алған және ең маңыздысы халықтың көкейінде жүрген алаңдаушылықтар. Сәйкесінше бұл бүгінгі таңдағы өзекті және айтылуы тиіс, қажет және өміршең мәселелер.

Атап айтқанда, Президент Қ.Қ. Тоқаев халық үшін тиімді мемлекет құрудан бастап өңірлерді дамытуға дейінгі маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Негізгі екпін – билік пен қоғам арасындағы үйлесімділікке қойылып отыр, ал қоғамдағы кейбір институттардың дисфункциясы бұл үйлесімділікке кері әсерін тигізіп отырғаны белгілі.

Кез-келген ел мен ұлттың әл-ауқаты «өмір сапасы» деген категориямен сипатталады. Бұл қоғамдық дискурста кең талқыға ие ұғымдардың бірі. Жолдауда осы өмір сапасын жақсартудың бірқатар индикаторларына назар аударылып отыр, оның ішінде тоқталып өткім келетіні – тұрғын үй мәселесі мен өңірлердегі инфрақұрылым. Бұл мәселелердің пайда болуына түрткі болатын урбанизация үрдісі. Өйткені бір жағынан, урбанизация қалалар мен олардың халқының өсуі, сәйкесінше елдің ЖІӨ артуымен байланыста болса, екінші жағынан, бүгінгі шынайылық урбанизация мен даму үнемі бір-бірімен тығыз байланыста бола бермейтінін көрсетіп отыр.

Жалпы әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, урбанизация үрдісімен туындап отырған сын-тегеуріндердің бірі – тұрғын үйдің тапшылығы мен қолжетімсіздігі. Бұдан Қазақстан да тыс қалмады, елде бірқатар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары мен ипотекалардың жұмыс істеуіне қарамастан, 2,5 млн. адам немесе халықтың 14% тұрғын үйге мұқтаж[1]. Біздің соңғы жүргізген әлеуметтанулық зерттеулерімізге сай елдегі қала тұрғындарының 30% өз тұрғын үйімен қамтылмаған.

Көріп отырғанымыздай, қабылданған тұрғын үй бағдарламаларының тиімсіздігі немесе еліміздің басты қалаларының қаржылық және басқа да мүмкіншіліктері бүгінгі таңдағы тұрғын үйге деген сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Осыған байланысты Ел Басшысы Қ.Қ. Тоқаев өз Жолдауында Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін дайындау қажет деп тапсырды.

Өңірлерді дамыту және урбанизациямен бетпе-бет келіп отырған екінші проблема – инфрақұрылымның тиісті түрде дамымауы мен тапшылығы. Жолдауда айтылғандай, еліміздің әр аймағының тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі біркелкі емес. Егер соңғы әлеуметтанулық зерттеудің деректеріне сүйенсек, әрбір үшінші қазақстандық қаладан тыс жерлердегі жолдың сапасына қанағаттанбайды. Сәйкесінше, Президент Қ.Қ. Тоқаев мұндай теңсіздікті жою үшін жұмысты жандандыру қажет деп айтып өтті жолдауда.

2022 жылға қарай өңірлерді дамыту бюджеті 800 миллиард теңгеден астам болмақ, ал мұндағы тек инфрақұрылымды дамытуға мемлекет 2022 жылға дейін 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция салады деп көрсетілген жолдауда.

Қорытындылай келе, қалалар мен өңірлерді дамыту және оларды жоспарлау тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл кеңістіктер ең алдымен «халыққа бағытталған» – тұрғындардың өмір сүруі үшін қолайлы және олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алуы қажет.

Мусина Алмагүл Мақсұтқызы
Еуразиялық интеграция Институтының бас сарапшысы, PhD

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371