Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 15992 10 пікір 9 Қыркүйек, 2019 сағат 20:10

Жұмбақ кабинет

Астанада Ақорда бар. 15 жылдан бері президенттің пайдалануында. Бас  қаладағы бас ғимарат. Оның өзгелерден ерекшелігі туралы да, оның маңызы мен мәртебесі туралы да талай рет жазылды. Қайталай бергеннен Ақорда «Алтын» ордаға айналып кетпейді. Айтпағымыз ол емес.

Жаңағы Ақорда – ол әуелі Қазақстан президентінің резиденциясы.  Яғни, Қазақстан президенті бұл жерде өзге де елдердің басшыларымен, үкімет басшыларымен, шетелдік делегациялармен, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен, партиялардың, қозғалыстар мен еліміздің шығармашылық интеллигенциясы өкілдерімен, қала және облыс әкімдерімен  т.б. түрлі деңгейдегі кездесулерді өткізетін орын. Қазір өзгеріп кетпесе, әйтеуір бұрынғы президенттің тұсында солай болатын.

Ал қазір президент басқа. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстанның екінші сайланған президенті. Ол легитимді президент. Биыл 9 маусымда өткен кезекті реткі кезектен тыс президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинады. Сөйтіп, ресми түрде президент атанды.  Демек, Ақорданың ендігі қожайыны Тоқаев болуы керек-ті.

Президенттің ресми сайты саналатын «Ақорда» сайтында жарияланған суреттерден Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдаған лауазымды тұлғаларының бірсыпырасын көрдік. Көрдік, қой. Бірақ, ол кісінің кабинеті өзгерген бе, әлде ішкі интерьері ауысқан ба, әйтеуір бұрынғы президент Назарбаев қабылдау өткізіп жүрген кабинетке ұқсата алмадық.

Білеміз, жеті қабатты Ақорда резиденциясында бөлме көп. Сол көп бөлменің бірі болар деп топшыладық.

Психологияда зерттеу жүргізудің «еріксіз бақылау» (неосознанное наблюдение) дейтін формасы болады. Бұл журналистикаға да тән дүние.

Айтпақшы, экс-президенттің ерекше статусы бар. Елішілік һәм шетелдік дипломаттарды қабылдау құқығы Елбасына да берілген. Елде президент ауысқалы бері Нұрсұлтан Назарбаевта өз лауазымына сай бірлі-жарым кездесулер мен қабылдаулар өткізген.

Біз бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауларына фотошолу жасап көргенді жөн санадық.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті статусында:

(2017 жыл. 15 қараша. Сол кездегі премьер-министр Б.Сағынтаев президенттің қабылдауында отыр).

(2017 жыл. 2 қазан. Сол кездегі Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов президенттің қабылдауында отыр).

(2018 жыл. 9 қазан. Сол кездегі вице-премьер А.Жұмағалиев президенттің қабылдауында отыр).

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы статусында:

(2019 жыл. 20 мамыр. «Назарбаев Университеті» мекемесінің президенті Шигео Катсу қабылдауда отыр).

(2019 жыл. 26 маусым. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов қабылдауда отыр).

(2019 жыл. 29 шілде. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек қабылдауда отыр).

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент статусындағы қабылдаулары:

(2019 жыл. 19 тамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев президенттің қабылдауында отыр).

(2019 жыл. 21 тамыз. Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеев президенттің қабылдауында отыр).

(2019 жыл. 28 тамыз. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Жайылғанова президенттің қабылдауында отыр).

(2019 жыл. 2 қыркүйек. Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев президенттің қабылдауында отыр).

Сонымен, Тоқаев қабылдауды қай кабинетте өткізеді? Экс-президент ше? Жұмбақ!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5241