Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6513 36 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 11:38

Азия жазушылары форумы не берді?

1) 46 жыл бұрын Әлімжановтың ұйымдастыруымен өткен Азия-Африка қаламгерлерінің форумы әлі күнге ауыздан түспей келеді. 1991 жылдан бері қазақ жазушылары ешкіммен кездесіп, жүздескен жоқ! Азия әдебиетінде не болып жатыр деп бас қатырған емес. Бұл форум қазақ қаламгерлеріне үлкен мүмкіндік берді. Қазақ қаламгерлері ЖО басшылығына осы мүмкіндікті бергеніне рахмет айтулары керек, егер ол мүмкіндікті пайдалана алмаса, өзінің соры! Ақшасын есептеп, әйтеуір күйе жағып қалу. Сол баяғы, көреалмаушылық, іштарлық!

2) Форум аясында ондаған елдердің Жазушылар одағымен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Осы меморандумдар негізінде біраз жұмыс (әсіресе, аударма саласында) атқарылатын болады.

3) Қазақ қаламгерлерін Азия мемлекеттеріне таныстырды. Өз кезегінде Азияның түкпір-түкпірінен келген жазушылар тек қазақ қаламгерлерімен емес, бір-бірімен танысып, пікір алмасты.

4) Азия қаламгерлерінің біразы Қазақстанға алғаш келді, олардың қазақ елінен, оның әдебиеті, мәдениеті мен өнерінен үлкееееен әсер алып қайтқанына куә болдық.

5) Қазақтың жас ақын-жазушылары үлкен тәжірибеден өтті.

6) Форум бастан-аяқ тек қазақ тілінде өтті, қазақ тілінде халықаралық шара ұйымдастыруға болатынын дәлелдеп берді. Қазақтілді аудармашылар мұндай халықаралық шаралардың есігінен сығалап қайтушы едік, бұрындары.
Еске түскендері осы, қалғанын кейін жазамын.

Жәнібек Көпжасардың facebook парақшасынан

Abai.kz

36 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5393