Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті үстіміздегі жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыру болып табылады.
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілген өңірлік конкурстардың 17 жеңімпазы қатысады. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер:
1) Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқиды.
2) Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқиды;
Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Өтетін уақыты: 2019 жылғы 20 қыркүйек
Іс-шараның басталуы: сағ: 10.00
Өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы, Тәуелсіздік көшесі, 68 үй
Abai.kz