Сенбі, 23 Қараша 2024
5988 14 пікір 20 Қыркүйек, 2019 сағат 17:38

«Nur Otan»-ның қолдауымен Сарыарқа төрінде аламан айтыс өтті

Қарағанды қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен халықаралық ақындар айтысы өтті. Екі күнге жалғасқан сөз сайысы қазақтың біртуар ұлы, Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналды. Айтысты тамашалауға арнайы келген «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек елдің мүддесін жырға қосқан ақындардың тапқырлығына ризашылығын білдірді.

Өз сөзінде Бауыржан Байбек қоғамдық ой мен мәдени тарихымызда ерекше орны бар күрескер тұлғаға арнап өткізілген бұл айтыс «тар жол, тайғақ кешу» заманда өмір сүрген аяулы ақынның рухын асқақтатып қана қоймай, бірлігіміз бен ынтымағымызды да нығайта түскенін айтты.

Сондай-ақ ол айтыстың ұлттық мұрамыз ғана емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, олардың алдын алу жолдарын ұсынатын ұтымды тетік екенін де тілге тиек етті.

– Қазақта «ауруын жасырған өледі» деген сөз бар. Сонлдықтан біз кемшіліктерімізді ашық айтып, оларды шешу жолдарын қарастыруымыз керек. Бұл ретте айтыстың рөлі ерекше. Айтыс – біздің рухани байлығымыз. Сол себепті партия төл өнерімізді қолға алып, жүйелі түрде қолдау көрсететін болады, – деді Бауыржан Байбек.

Сонымен партия Төрағасының Бірінші орынбасары партияның саяси доктринасында руханият, мәдениет, ұлттық құндылық мәселесіне үлкен көңіл бөлінгенін жеткізді.

– Төл мәдениетімізді төрге шығармасақ жетістіктерге жете алмаймыз. Сондықтан біздің партия айтысты қолға алып отыр. Тек биылғы жылдың соңына дейін «Nur Otan»-ның қолдауымен бес аламан айтыс өтеді. Оның алғашқысы Атырауда өткен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған айтыс болса, екіншісі Сарыарқа төріндегі бүгінгі сөз сайысы. Одан бөлек, қыркүйектің соңында Алматы қаласында «Отан отбасынан басталады» атты отбасылық айтыс өтеді. Ал қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында және жыл соңында Орал қаласында «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылады, – деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, Қарағандыдағы айтыстың нәтижесінде Мақсат Ақанов пен Жандарбек Бұлғақов бас жүлдеге ие болды. Ал Дидар Қамиев, Мұхтар Ниязов және Бауыржан Ширмединұлы екінші орын алса, Айбек Қалиев, Әсем Ережеқызы, Бүркітқазы Әділбек, Бекарыс Шойбеков, Нұрмат Мансұровтар үшінші орыннан көрінді. Жүлдегер атанған барлық ақынға қаржылай сый-сияпат көрсетілді. Олардан бөлек, тағы бірқатар айтыскерге шабыттану сыйлығы берілді.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394