Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4584 10 пікір 23 Қыркүйек, 2019 сағат 11:30

Мәскеу саналық тұрғыдан түк өзгермеген сияқты

Тура 80 жыл болыпты. Дәп қазір. Бірақ ақиқатты біз әлі танымай келеміз.

1939 жыл, 17 қыркүйек. Кеңес әскері Польшаға басып кірді. Герман басқыншыларымен соғысып жатқан поляктар, шығыстан келген соққыны күтпеді. Ойсырай ұтылды. Мәскеу оған дейін қол қойылып, мөр басылған 4 құжатқа пысқырып та қарамады. Халықаралық нормаға түкіргенім бар деді. "Польша деген мемлекет енді жоқ, демек құжаттарды да сақтанудың қажеті шамалы" деген ойды ұстанды беттері бүлк етпестен. Осылайша Кеңес-Герман шекарасы пайда болды. Ірі елді қос басқыншы қақ бөліп алды. Польшаны талқандаған екеуі мәз-мейрам. Орыс самогонын, неміс шнапсын ішіп, атап өтті. Өйткені бір ай бұрын екеуі Молотов — Риббентроп пактісіне қол қойып, өзара шабуыл жасаспаймыз деп ант-су ішкенді.

Бір жыл уақыт өткен соң, Қатын қырғынында КСРО поляктардың қаймақтарын қырып салды. Жазушы, ақын, ғалым, әскербасы бәрін атты. Асылдан тұқым, тектіден тұяқ қалдырмады. Оған Мәскеудің еті үйренген-ді. Құрамындағы халықты күшпен қосып, соғыс пен аштықпен қырып отырған Кремльге бұл түк емес болатын.

Екі жыл өткен соң, Германия Мәскеудің алдын орап, бірінші болып соққы жасады. Сол сәтте ғана КСРО Польшаға тұтқиылдан соққы бергенде поляктар не сезгенін өз бойларында сезінген шығар. Бұл тұрғыдан қарасақ, тapихта да әділет бар екен.

ПыСы: Суретте Висла өзені. Польшада. 1945 жылы бұл өзеннің бойында ірі шайқастар болды. Артынша КСРО өзін "азат етуші" деп таныстырды. Биыл ІІ дж соғыстың 80 жылдығында Германия поляктардан бас иіп, кешірім сұрады. Ал Мәскеу үнсіз қалды. Оларда әлі саналық тұрғыдан түк өзгермеген сияқты.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394