Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5468 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 09:47

ИСЛАМ ҚАҒИДАЛАРЫ

Египет Араб Республикасының Вакуфтар министрiнiң кеңесшiсi Мұхаммед Абд ал-Ғани Шама “Нұр-Мүбарак” ислам мәдениетi университетiнiң шақыруымен осы бiлiм ордасында дiни-рухани сабақтар өткiзiп жүр. Астанада өткелi отырған әлемдiк және дәстүрлi дiндер съезiнiң қарсаңында ғалыммен ислам құндылықтары жөнiнде пiкiрлескендi жөн көрдiк. Берлиннiң Еуропалық университетiнде дiндердi салыстырмалы зерделеу саласының докторы, Египеттегi ал-Азхар университетiнiң Тiлдер мен аударма факультетiнiң исламтану пәнiнiң профессоры, ұстаз Шаманың Ислам дiнiнiң басқа дiндермен байланысы жөнiндегi ойларын тұжырымдап берiп отырмыз.
Түрлi дiн өкiлдерi арасындағы байланыс ерте заманнан үзiлмей келе жатқан үрдiс екенi тарихтан белгiлi. Дей тұрғанмен, олардың арасында қантөгiске әкелiп соғатын, қару-жарақтың дауысы өшкенмен, тыным таппайтын тартыс-даулар болып жатады. Бiр-бiрiне құлақ салу кемде-кем, тiптi дiндарлар арасындағы дау-дамай өзектi мәселелер қатарында орын тепкен. Өзара балағат, күпiрлiктер жаудырып, дiннен алып, дiнге салуға, түрлi қақтығыстар, тiптi “үйiң күйсiн!”, “бала-шағаң жетiм қалсын!” – деген ауыр сөздердi де ауыздарына оңай алатын болды. Өз дiнiне, немесе ақидаларына басқаларды мәжбүрлеудi дiншiлдердiң ең басты парызы деп бiлетiн, тiптi соның жолында малын да, жанын да құрбан етуге дайын болатын.

Египет Араб Республикасының Вакуфтар министрiнiң кеңесшiсi Мұхаммед Абд ал-Ғани Шама “Нұр-Мүбарак” ислам мәдениетi университетiнiң шақыруымен осы бiлiм ордасында дiни-рухани сабақтар өткiзiп жүр. Астанада өткелi отырған әлемдiк және дәстүрлi дiндер съезiнiң қарсаңында ғалыммен ислам құндылықтары жөнiнде пiкiрлескендi жөн көрдiк. Берлиннiң Еуропалық университетiнде дiндердi салыстырмалы зерделеу саласының докторы, Египеттегi ал-Азхар университетiнiң Тiлдер мен аударма факультетiнiң исламтану пәнiнiң профессоры, ұстаз Шаманың Ислам дiнiнiң басқа дiндермен байланысы жөнiндегi ойларын тұжырымдап берiп отырмыз.
Түрлi дiн өкiлдерi арасындағы байланыс ерте заманнан үзiлмей келе жатқан үрдiс екенi тарихтан белгiлi. Дей тұрғанмен, олардың арасында қантөгiске әкелiп соғатын, қару-жарақтың дауысы өшкенмен, тыным таппайтын тартыс-даулар болып жатады. Бiр-бiрiне құлақ салу кемде-кем, тiптi дiндарлар арасындағы дау-дамай өзектi мәселелер қатарында орын тепкен. Өзара балағат, күпiрлiктер жаудырып, дiннен алып, дiнге салуға, түрлi қақтығыстар, тiптi “үйiң күйсiн!”, “бала-шағаң жетiм қалсын!” – деген ауыр сөздердi де ауыздарына оңай алатын болды. Өз дiнiне, немесе ақидаларына басқаларды мәжбүрлеудi дiншiлдердiң ең басты парызы деп бiлетiн, тiптi соның жолында малын да, жанын да құрбан етуге дайын болатын.
Ислам дiнi келген соң мұның бәрiне тоқтау салды, дiндер жайлы ұстанымдарына, дәрежелерiне қарай Илаһи дiндер болсын, адамзат тарапынан жасалынған жасанды дiндер болсын, Құранның бiзге берер насихаты мынадай: “Аллаһ-Тағаладан өзгеге сиынғандарға сөгiс айтпаңдар, егер олай жасайтын болсаңдар, олар бiлмей шектен шығып, Аллаһ-Тағалаға тiл тигiзедi”. Олардың сиынғандары Аллаһтан басқа: яғни адамзат немесе тас, болмаса кез келген материя болсын, оларға сөгiс айтпаңдар. Ислам адамдарды дiнге шақырғанда тәкаппарлық, менмендiк секiлдi жағымсыз қасиеттерден алыс тұруға үгiттейдi. “Нахл” сүресiнiң 125-аятында: “Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгiт арқылы шақыр. Әрi олармен көркем түрде күрес” – делiнген. Тiптi басқа дiндердегi салиқалы адамдарға өз лебiзiн бiлдiрiп, “Ал ‘Имран” сүресiнiң 75-аятында: “Аһлi кiтабтың кейбiреулерiне сен қинтар мөлшерiнде бiр затты аманат етсең, ол оны орындайды”. “Бақара” сүресiнiң 62-аятында: “Шынында иман еткендер, яхудилер, христиандар, саби’индер болып кiмде-кiм Аллаһқа және ахирет күнiне иман келтiрiп, iзгi амалдар жасайтын болса, Раббыларының қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ”.
Сондай-ақ исламға кiрудi қаламайтын кiсiлерге мәжбүрлiк көрсетпейдi: “Дiнде зорлау жоқ. Расында туралық азғындықтан ажыратылды” (“Бақара”: 206). Пайғамбарымыз (с.а.с.) айналасындағы адамдарға исламды ұсынған кезде мүлде күш тәсiлiн пайдаланбаған, керiсiнше өз ерiктерiне қойған, өйткенi оған жоғарыдан берiлген нұсқау мынадай: “(Мұхаммед (с.а.с.) егер – Раббы қаласа, әрине, жер жүзiндегiлердiң барлығы түгелдей иман келтiрер едi. Адамдарды иман келтiруге сен зорлайсың ба?” (“Йунус”: 99). Мiне, осындай принциптердiң негiзiнде бiздiң байқайтынымыз, исламда ой еркiндiгi, сөз еркiндiгi, адами құқықтардың тапталмауы бар.
Бiр адамның бойындағы қисық немесе қате пiкiрдi жөндеу қажеттiлiгi туған кезде мұсылманға сұхбат әдебiнiң қағидаларын мiндеттейдi. Оның мысалына аят: “Әй, адам баласы! Бiр мысал келтiрiлдi. Ендi соған құлақ салыңдар: Сендердiң Аллаһтан өзге табынғандарың барлығы жиналса да әсте бiр шыбын жарата алмайды. Сондай ақ, егер шыбын олардың бiр нәрсесiн алып ұшса, одан оны құтқара алмайды. Өйткенi, iздеушi де, iзделген де нашар. Олар Аллаһтың қадiрiн бiлiп, шын мәнiнде бағалай алмады. Аллаһ аса күштi, өте үстем”
(“Хаджж”: 73, 74).
Аллаһ-Тағаланың сипаттары жөнiнде қателескендерге де Құранда анық жауаптар келтiрiлген: “Расында, “Аллаһ үштiң үшiншiсi” – дегендер кәпiр болды. Бiр Тәңiрден басқа тәңiр жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, оларға сондай қарсы келушiлерге күйзелтушi азап кездеседi”. (“Ма’ида”: 73). Бұл аятта христиандар деп айтылған жоқ, өйткенi олардың арасында мұндай деп айтпағандар да бар. “Расында, Аллаһты Мәриам ұлы Мәсих, дегендер кәпiр болды. Аллаһ Мәриам ұлы Мәсихты және оның шешесiн де, тiптi жер-жүзiндегi бiртұтас жан иесiн жоқ етудi қаласа, Аллаһтан құтқаруға кiм ие?” (“Ма’ида”: 17).
Адамзат қоғамының басталуынан бiтуiне шейiн адамдардың түрлi көзқарас және пiкiрлерде болуы, түрлi жол және ақида ұстанымдарында болуы – табиғи заңдылық. Адам баласының бойында өз пiкiрiн өзiнен басқаларға мойындату, айтқанымен жүргiзу, ұстанымы мен ақидасын басқаларға өткiзу секiлдi табиғаты бар. Мiне, осындай пiкiрлерiн жүзеге асыру барысында ұстанымын немесе ақидасын қорғап қалу үшiн соғысқа дейiн баруы да мүмкiн. Егер ол ұстанымы ақида болса, тiптен оны түрлi жолдармен қорғауға тырысады.
Тарих беттерiнде халықты өз айтқанына мойнсұндырған, олардың бостандықтары мен азаттықтарын таптаған неше үкiмдарлар өткен. Тарихта болған соғыстардың басты себебi – ақидалары және пiкiрлерi бiр болғанымен сұхбаттастықтан жұрдай болуы және фанатизм.
Жоғарыда айтқанымыздай, адамзат тарихында қауымдастықпен бейбiтшiлiктiң орнына көбiнесе дiни тартыс-керiстер орын алған. Соның салдарынан халықтар арасында бүкiл өткен ғасырларда дiнге негiзделген қарама-қайшылықтар кездесiп, соғысуға дейiн барған.
Мысалы, екi дiннiң өкiлi кездесе қалса, ұстанымдары мен ақидалары жөнiнде тартысуы анық, бiреуi әдептiлiк көрсеткенмен, екiншiсi негiзгi мәселеден ауытқып, көңiлiн қиратар сөздер айтып жаралайды. Мiне, бұрыннан келе жатқан халықтар арасындағы келiспеушiлiктiң көрiнiсi осылай басталған.
Тарихта дiни фундаментализмнiң салдарынан соғыстар болып, дiндерiн жамылып бiр-бiрiн қырып салған. Бiр дiндi ұстағанмен түрлi топтарға, партияларға бөлiнiп алған. Қазiргi таңда бiр қоғамның iшiнде түрлi дiн өкiлдерiнiң бейбiт, еркiн өмiр сүруi қиындап бара жатыр. Пайғамбарымыз: “Адам атадан тарадыңдар, ал Адам ата топырақтан жаралды, араб пен ажамның арасында ешқандай айырмашылық жоқ, айырмашылық тақуамен болады” – деп, бұйырған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударған кезде, Мәдина халқы үш дiндi ұстанатын қоғамды құрайтын едi. Олар – мұсылмандар, яһудилер және мүшриктер. Салт-дәстүрлерi араби және туыстық қарым-қатынастары бар-тұғын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) келгесiн бұл жағдай өзгередi. Мұсылмандар (мұхаджирдер және ансарлар), яһудилер және араб мүшриктерi болып жiктелдi.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көрегендiгi және Аллаһтың берген шабытымен сол түрлi тайпалар мен топтарды құрайтын қоғамды ауызбiршiлiкке шақыратын қағидалар ұсынды. Оны “уасиқат-ул-Мәдина”, яғни “Мәдина келiсiмi” деп атады. Бұл келiсiм бойынша өзара тартысып жатқан араб тайпалары ынтымақтасып, дұшпанға қарсы “бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып” бiр сапта тұрып отанын қорғауға шешiм еттi.
Ол келiсiмде былай жазылған болатын:
“Құрайштың мүмiн-мұсылмандары және Йасриб халқы болған араб және яһуди болған Мәдина тұрғындарына Аллаһ-Тағаланың Пайғамбары болған Мұхаммедтiң ұсынысы:
– бәрiмiз бiртұтас халықпыз;
– залым және қиянатшыларға қарсы бiр жақ, бiр қол. Кiмде-кiм бұзықтық жасайтын болса, жаза баршаға бiрдей;
– бұл келiсiмге келген әрбiр кiсi қылмыскердiң жағына шықпайды;
– келiсiм жасаған осы парақ бетiндегi азаматтар соғыс майданында дұшпанға қарсы бiрдей соғысады;
– Йасрибтiң дұшпаны жалпыға бiрдей дұшпан;
– Мәдинадан шыққан немесе Мәдинаға кiрген кiсiге қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, оның шарты – бұзық, залым болмау”.
Осы келiсiм түрлi халық және түрлi дiндердiң бiр шаңырақ астында өмiр сүре алатындығының үлгiсi деуге болады. Адамилық тұрғыдан түрлi халықтардың түсiнiсе өмiр сүре алатындығының символы деп айтуға болады. Мiне, осындай жағдай тарихта VII ғасырда амалға асырылған. Сол кездiң халықтары арасындағы жалпыға бiрдей мүдделi болған бiр теңдесi жоқ қағида екендiгiне ешкiмнiң таласы жоқ.

 


Дайындаған Күлпара ЖҰМАҒАЛИ, Абдунаим САИД
“Түркістан” газеті 18 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5574