Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2292 0 пікір 5 Тамыз, 2011 сағат 05:01

Жұма күні республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде күн ашық болады деп болжануда – Қазгидромет

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым аумағы антицклон тармағының ықпалында болуынан жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде. Тек еліміздің батысы мен шығысы атмосфералық ағым айырығында болуынан кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Жұма күні Астанада ала бұлтты, жауын жаумайды, солтүстік-батыстын 7-12 м/с жел соғады, ауа температурасы +20+22°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы +34+36°С болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінің барлық аумағында  күн ашық болады.  Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысында түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы сәйкесінше +17+22°С, +18+23, +18+23°С болады. Қостанай облысында ауа температурасы +20+25°С градус болады.

Қарағанды облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, күндіз ауа температурасы +20+25°С градус болады. Шығыс Қазақстан облысында да аздап жауын жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал, жекелеген аудандарында 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +20+25°С болады.

Республиканың оңтүстігінде күн ашық  болады деп болжануда: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы сәйкесінше  +33+38, +35+40, +36+41 және +36+41°С болады.

Қазақстанның батысында өтпелі жауын жауады. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында найзағайлатып, өтпелі жауын жауып,  кей жерлерінде  желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы +33+38 және +25+30°С болады. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, күшті жауын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, Атырау облысында шаңдатып боран соғып, ауа температурасы +29+34 және +25+30°С болады.

Метеоқызметтің хабарлауынша, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде күшті ыстық болады.

Еліміздің оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Жақын күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарындағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

http://newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395