Алматы-Ақтөбе бағытымен қатынайтын поездың генератор вагонында өрт шығуына байланысты поезд жолда 1,5 сағатқа кешікті
Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қызылорда облысында «Алматы-Ақтөбе» бағытымен қатынайтын жолаушылар поезының генератор вагонында өрт шығуына байланысты поезд жолда кешікті, деп Қазақстан ТЖМ хабарлады.
ТЖМ мәліметтерінше өртті сөндіруге бір сағаттан астам уақыт қажет болды. «Поездың кешігуі 01 сағ 30 болды. 20:50 сағатта поезд қозғалысын жалғастырды», - делінген оперативтік мәліметтерде.
Хабарда поезд құрамында 19 вагон болғандығы, оның ішінде 16 жолаушы тасымалдайтын вагонда 600 жолаушы болғандығы айтылады.
Зардап шеккендер мен адам шығыны болған жоқ, деп хабарлайды ведомстводан.