Сенбі, 23 Қараша 2024
2758 4 пікір 7 Қазан, 2019 сағат 11:08

АҚШ-тағы "украин ісінде" екінші ақпарат жеткізуші пайда болды

АҚШ-та қазір өзекті болып тұрған "Украина ісіне" қатысты екінші ақпарат беруші пайда болды. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлайды.

Екінші ақпарат беруші америкалық барлау қауымдастығының ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерімен байланысқан. Бұл жөнінде ақпарат берушінің адвокаты Марк Заид мәлімдеді.

Эй-би-си телеканалына сұқбат берген Заид барлау қызметінде жұмыс істейтін екінші мәліметші бас инспектор тарапынан тергеуге алынғанын айтты.

Бірінші ақпарат жеткізуші 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина президентінен Джон Байденнің ұлының қызметін тексеруді өтінген. Демократ Джон Байден алдағы президент сайлауына қатысатынын жариялаған.

Өткен жұмада Трамп Қытай билігінен Байденнің ұлының қызметін тексеруді сұрады. Онда Байденнің ұлының кәсібі бары айтылады. Президент мәлімдемесінен кейін республикашылдар арасында өзара пікір қайшылығы пайда болды. Бірқатар республикашыл- сенаторлар Трамптың сөздерінен кейін алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылы қайта сайлану үшін, өзге елдерден көмек сұрап жатыр деді.

Конгресстегі демократтар болса президенттің осы іс-әрекеті үшін
импичмент жариялау мақсатында тергеуді бастап кетті.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402