ҚР СІМ Қытайлық азаматты қағып кеткен қазақстандыққа көмек беруде
Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Қытайдағы Қазақстан елшілігі Қытай азаматын басып кеткен қазақстандық Владимир Шустке көмек көрсетуде, деп ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдрахманов мәлім етті,
«Қытайдағы Қазақстан елшілігінің Үрімшідегі төлқұжаттық-визалық қызметі маусым айының басынан абстап, осы мәселемен айналысып жатыр. Біздің дипломаттар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданның Қосталғаш кентінің құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста», - деді ол дүйсенбі күні журналистердің сауалына жауап беріп.
А. Әбдрахманов аталған оқиға салдарынан Қытай азаматының қайтыс болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қазақстандық азаматқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте СІМ өкілі аталған мәселенің шешілуінің бір үлгісі - қаза болғанның туыстарына ақшалай өтемақы төлеу болып тұрғанын атап өтті. Бұл мәселе сотқа дейінгі процедурада шешіледі, дейді ол.
«Қазіргі кезде аталған мәселе шешуін таппай тұр. Қазақстандық дипломаттар В. Шустқа қытай тілінде шағым, өтініштерін толтыруға көмек көрсетуде», - дейді А. Әбдрахманов.
«Аталған іс егер зардап шегушінің айыбы дәлелденген болса, туыстарына материалдық өтемақы төлеумен шешіледі. Бұл жерде қытайлық мотоциклшінің қан құрамында алкогольдің тым көп екендігі анықталып отыр», - деді А. Әбдрахманов.

Оның айтуынша, аталған оқиғада қазақстандық азаматтың да айыбы бар.
Еске салсақ, 6 маусымда Үрімші - Майқапшағай тас жолында Қытай территориясындағы Қосталғаш кентінің маңында ЖКО орын алды. 25 жылдық жүру тәжірибесі бар жеке тасымалдаумен айналысып жүрген Владимир Шустың автобусына қытайлық азамат мотоциклімен соқтығысты. Мотоциклшы алған жарақаттан қаза болды. Оқиға куәларының айтуынша ол мас болған.
Қытайлық полицейлер В. Шустан мәселені реттеу үшін $30 мың айыппұл төлеуді талап етті.
Бұрын хабарланғандай, павлодардық журналистер ЖКО қатысушы ретінде көрші мемлекет территориясында 2 айдан бері қалып отырған В. Шустың отбасына көмек көрсетпек болып шешті.