Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2040 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 06:10

ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырады

Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР СІМ бизнес құрылымдарына Сомалидегі құрғақшылыққа байланысты зардап шегушілерге көмек көрсетуге шақырды.

«Қасиетті Рамазан айында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сомалиде құрғақшылықтан зардап шегушілерге қол ұшын ұсынуға шақырады», - делінген ҚР СІМ таратқан хабарда.

«Африкалық Мүйіз елдеріндегі Соңғы 60 ішіндегі ең ауыр құрғақшылық сол аймақтағы күрделі гуманиталық дағдарыстың себебі болды. Табиғи-климаттық құбылыс малдың жаппай қырылуына және егіс дәнді дақылдарының шықпай қалуына әкелді, сөйтіп жергілікті халық үшін азық-түліктің негізгі көздері толықтай дерлік жойылған.

БҰҰ бағалауы бойынша, Сомалидегі, Эфиопиядағы, Кениядағы, Эритреядағы және Джибутидегі халықты қоса алғанда, 11 млн. астам адам жедел гуманитарлық жәрдемді қажет етеді. Аталған елдердің тұрғындарына, көбінесе әйелдер, балалар мен жасы үлкен адамдарға азық-түліктің және дәрі-дәрмектердің жоқтығынан өлім қатері төніп тұр.

Аймақтың ең жәбірленген елдері қатарына Сомалиді жатқызуға болады, онда жағымсыз факторлардың қосылған әсері - әскери қақтығыстар, құрғақшылық, гиперинфляция, вирустық аурулар - азық-түлікке байланысты апатты жағдайдың пайда болуына әкелді. Гуманитарлық ұйымдардың мәліметі бойынша, елде 3 млн. адам, яғни халықтың төрттен бір бөлігі ашығуда. Сонымен қатар асқа жарымағандықтың көп жылдық деңгейі елеулі асып кеткен, ол стихиялық түрде, ең біріншіден Кенияға көшетін 1,5 млн. жер аударылғандар мен босқындардың үлкен санының пайда болуына әкелді.

Орын алып жатқан қасіреттің айтқысыз сипатын ескеріп, халықаралық аренада зардап шеккендерге көмек көрсету үшін күш-жігерді біріктіру жүргізілуде. Сомали астанасы - Могадишода Гуманитарлық жәрдем офисі бар жалғыз халықаралық ұйым болып табылатын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы да шетте қалмады.

Ү.ж. 28-29 шілдеде дереу шақырылған Стамбұл конференциясының барысында Сомалиге және ислам әлемінің басқа да мұқтаж елдеріне жәрдем көрсету үшін ИЫҰ Гуманитарлық коалициясын құру туралы шешім қабылданған.

Кездесуге қатысушылар алдағы үш айға 29 млн. доллар шамасындағы ИЫҰ дереу гуманитарлық жәрдемінің бюджетін анықтаған. Қазіргі уақытта Сомалиге Сауд Арабиясы - 60 млн. доллар, Кувейт - 10 млн. доллар және Судан - 100 мың доллар шамасындағы қаржылық көмекті бөлу туралы мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы ИЫҰ-ның белсенді мүшесі және Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесі Төрағасының міндеттерін іске асыратын мемлекет ретінде алдағы уақытта Коалиция бюджетіне өз үлесін енгізуге ниетті.

Стамбұл кездесуінің қорытынды декларациясында ИЫҰ-ға мүше елдер барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының кезеңінде Сомали және өңірдегі басқа африкалық мұқтаж елдерге мүмкін болатын жәрдем көрсету жөніндегі үндеу жасалынған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498