Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2045 0 пікір 9 Тамыз, 2011 сағат 06:13

Қазақстан 2015 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр – Назарбаев

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан 2015 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр, деп ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс бабындағы сапарында мәлім етті.

«Біз жыл сайын астықты сатуда қиындықтарға ұрынып отырмыз, сондықтан көршілерімізде үлкен сұранысқа ие ет өндірісін арттыруымыз керек... Алдыға қойылған міндет - 2015 жылға қарай 60 мың тонна ет, 2020 жылға қарай - 180 мың тонна ет өндіру», - деп айтқан Н. Назарбаевтың дүйсенбі күнгі жұмыс бабындағы сапар қорытындысына арнап өткізген бриингте айтқан сөзін баспасөз қызметі келтіреді.

Президенттің айтуынша, 4 мал бордақылау қосындарын, репродукторлар, сондай-ақ  фермерлік шаруашылықтарды құру «орасан зор жұмыс орындарын береді».

«Бұл ендігі жерде ауыл шаруашылығы емес, бұл индустрияландыру. Қараңыз, мұнда 2500 мал басы бар, 15 адам жұмыс істейді. Кеңес уақытында 200 немесе 150 адам еңбек ететін. Яғни, шоғырлану деген осы. Ендігі жерде астықты даланы аздап өзгертіп, мал үшін жемшөп өндіруді бастау керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Одан басқа, Н. Назарбаев 2011 жылы Қазақстан 18-20 млн тонна астық өндірмекші екендігін атап өтті.

«Ақмола облысында 4,2 миллион гектар астық көп егілген. Көп нәрсе жиын-терімге және ауа-райына байланысты болады. Егер ауа-райы қолайлы болса, биылғы жылы біз жалпы алғанда 18-20 миллион тонна астық жиып аламыз. Сондықтан Үкімет астықты қалай сақтау, қалай сату туралы проблеманы шешуі тиіс», - деді елбасы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498