Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2536 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 10:33

Жанна Исабаева, кинорежиссер: Мен ешқашан халық үшін кино түсірмеймін

- Жанна, менің білуімше, сіз­дің мамандығыңыз - журналист. Ки­но әлеміне қалай тап болдыңыз?
- Мен киноға кездейсоқ кел­ген адаммын. 1991 жылы мен уни­верситетті тамамдағанда, Кеңес өкі­меті құлап, ел-жұрттың жағ­да­йы төмендеп, күмән мен күдік ба­сым уақыт болатын. Газет-жур­налдардың көпшілігі жабылып, бір­қатар журналистер жұмыссыз қал­ды. Жұрт қалай жан бағудың ама­­лын қарастырды. Өз маман­ды­ғы бойынша жұмыс істеп жүр­ген әріптестерімнің алатын ай­лығы шайлығына жетпеді. Ол уа­қытта мен үйде баламен отырған едім. Бір күні радиода жұмыс іс­тейтін курстас құрбыларымның бірі хабарласып, радиоға ла­йық­тап жарнама мәтінін жазып бе­руімді өтінді. Құрбымның сөзін жер­ге тастағым келмей, азғана уа­қыттың ішінде он роликтің мә­тінін жазып тастадым. Менің жаз­уым радио басшылығының көңі­лі­нен шығып, олар маған «қала­ма­қыңызды алып кетіңіз» деп ха­бар­ласты. Айтып отырған ақша­ла­ры әжептеуір сома. Мұны естіп, таң-тамаша болдым. Үйде оты­рып-ақ, шығармашылықпен ай­­на­ласып, ақша табуыма бо­лады екен ғой деген ойға қалдым. Ке­­йін­нен радиодан айран, сүт, са­­бын өнімдеріне қатысты өзім жаз­­ған жарнамаларды тыңдаған сәт­­те көңілім көтеріліп, марқайып қа­­латын едім. Жарнама әлемімен та­­ныстығым осылай басталды.
- Сіз киноға дейін, негізінен, жар­нама, бейнеклип түсірумен ай­налыстыңыз ғой?

- Жанна, менің білуімше, сіз­дің мамандығыңыз - журналист. Ки­но әлеміне қалай тап болдыңыз?
- Мен киноға кездейсоқ кел­ген адаммын. 1991 жылы мен уни­верситетті тамамдағанда, Кеңес өкі­меті құлап, ел-жұрттың жағ­да­йы төмендеп, күмән мен күдік ба­сым уақыт болатын. Газет-жур­налдардың көпшілігі жабылып, бір­қатар журналистер жұмыссыз қал­ды. Жұрт қалай жан бағудың ама­­лын қарастырды. Өз маман­ды­ғы бойынша жұмыс істеп жүр­ген әріптестерімнің алатын ай­лығы шайлығына жетпеді. Ол уа­қытта мен үйде баламен отырған едім. Бір күні радиода жұмыс іс­тейтін курстас құрбыларымның бірі хабарласып, радиоға ла­йық­тап жарнама мәтінін жазып бе­руімді өтінді. Құрбымның сөзін жер­ге тастағым келмей, азғана уа­қыттың ішінде он роликтің мә­тінін жазып тастадым. Менің жаз­уым радио басшылығының көңі­лі­нен шығып, олар маған «қала­ма­қыңызды алып кетіңіз» деп ха­бар­ласты. Айтып отырған ақша­ла­ры әжептеуір сома. Мұны естіп, таң-тамаша болдым. Үйде оты­рып-ақ, шығармашылықпен ай­­на­ласып, ақша табуыма бо­лады екен ғой деген ойға қалдым. Ке­­йін­нен радиодан айран, сүт, са­­бын өнімдеріне қатысты өзім жаз­­ған жарнамаларды тыңдаған сәт­­те көңілім көтеріліп, марқайып қа­­латын едім. Жарнама әлемімен та­­ныстығым осылай басталды.
- Сіз киноға дейін, негізінен, жар­нама, бейнеклип түсірумен ай­налыстыңыз ғой?
- Иә. Бірақ он жылдай про­дю­сер болып жұмыс атқардым. Жар­намаға неге жақын бо­л­ға­ным­ды білгіңіз келсе, өйткені бұл сала киноға бір табан жақын еді. Ал мен киноны бала күнімнен шек­сіз жақсы көремін. Тіпті кіш­кентай кезімде, қолыма аздаған тиын-тебен түсе қалса, бұл ақ­ша­ны өзге балалар сияқты балмұз­дақ­қа емес, кино көруге жұмсай­тын­мын. Бірақ бір қызығы, еш­қашан киноға түсуді, актриса бо­луды армандаған емеспін. Ес біле бас­тағаннан өзімнің киномды жа­сағым келді.
- Жалпы, «өнер ешқашан ке­шір­мейді» деген түсінік бар. Ал бұ­рын ролик, жарнама, бейнеклип тү­сіріп, былайша айтқанда «қол­дары былғанған» адамдарды, кино са­ласының мамандары аса «жақ­тыра» бермейтін көрінеді. Сіз бұл жайында не айтар едіңіз? Сіздің де шығармашылығыңыз жоғары­да аталған салалардан бастау алып тұр емес пе?
- Мен мұндай далбаса пікір­лер­мен келісе бермеймін. Ау, сон­да сіз менің «Қаройым» болмаса «Ой­пырым-ай, дорогие мои дети» атты екінші фильмім жарнама роли­гі­не ұқсап тұр деп айтқыңыз келе ме? Егер адамның бойында та­ланты, қабілеті бар болса, ол жақ­сы жарнаманы да, жақсы ки­ноны да түсіре алады. Сондықтан бұл сауалыңыз маған арнал­ма­ған. Менің екі фильмім де анти жар­нама, анти коммерциялық. Олардың қазіргі заман сұранысы - гла­мурға да ешқандай қатысы жоқ.
- Сіз осы екі фильміңізге қа­тысты айтылатын сын-ескерт­пе­лер­ді қалай қабылдайсыз?
- Жалпы, мені сынап, мі­ней­тіндер, өздеріне деген сенімі, яғни да­йындығы жоқ, бойында ком­плек­сі бар адамдар деп білемін. Бы­лайша айтқанда, өз бойындағы мі­нін көре алмайтындар. Ал көзі ашық, көкірегі ояу жандар менің ки­ноларымды жақсы көреді. Өзіңе сын көзбен қарау үшін бойыңда ба­тылдық болуы керек. Мәселен, осы­дан он жыл бұрын менің Окс­фордта оқыған, өте сауатты грузин та­нысым болған еді. Қазақстанға биз­нес ашу үшін келген әлгі гру­зин бес тілде еркін сөйлей алатын. Ол біздің елімізде жарты жылдай өмір сүріп, кейіннен Америкаға ке­тіп қалды. Кетерінде, ол маған «мен бірдеңені түсінбеймін. Сен­дер, қазақтар неге өз болмыс­та­рың­нан ұяласыңдар? Ал біз, гру­зиндер өзімізден ұлттық бол­мы­сымызды жоғары қоятын ха­лық­пыз. Біз қайда барсақ та, басы­мыз­ды тік көтеріп, «біз грузинбіз» деп, айғайлап жүреміз» деген еді. Мұ­ны естіп, онымен «сіз қа­те­ле­се­сіз» деп дауластым. Уақыт өткен соң ғана сол грузиннің айт­қан­дарының дұрыстығына көзім жет­ті. Мәселен, америкалықтар өзде­рі­нің түрмелері жайлы жантүр­ші­герлік фильмдер түсірсе де, оларға еш­кім «сендер неге түсірдіңдер?» деп айтпайды ғой. Ал мен «Қа­рой­ды» түсіріп едім, қазақтың бәрі «біз мұндай емеспіз, біз ұрлық жа­са­май­мыз, қоқан-лоқы көрсет­пей­міз, зорлық қылмаймыз, ешкімге қия­нат жасамаймыз» деп өре тү­регелді. Қайдағы? Сіз кез келген түр­меге барыңызшы, сол жерде отыр­ғандардың басым бөлігі -қазақ­тар. Болмаса екеуіміз бірге же­тімдер үйіне барайық. Қа­ра­көздер онда да қаптап жүр. Тас­тан­ды балалардың 90 пайызы - қа­зақтар. Мен «сәбилер үйінің» қа­сында тұрамын. Сол жердегі қа­зақтың бүлдіршіндерін көргенде ет жү­регің ауырады. Сонда сіз қа­зақ­тар жамандық жасамайды, еш­кімнің ала жібін аттамайды, еш­кімді өлтірмейді деп айтқыңыз келе ме? Бүгінгі қазақ жоғарыда атал­ғанның бәрін жасайды. Тек ешкімнің шындықтың бетіне тіке қа­рағысы келмейді. Мәселен, қа­зақтар әйелін ұрып-соқпайды де­ген пікір бар. Қайдағы? Екі қа­зақтың бірі әйелінің «тісін са­намаса» маған келіңіз. Неге біздер қа­зақтар өзге ұлттан артықпыз деп кеудемізді соғамыз? Еш­қандай артықшылығымыз қал­мады. Менің фильмімді көргісі, біл­гісі келмейтін адамдар - кө­кірек көздері соқыр, өз кемшілігін мо­йындағысы келмейтіндер. Ал мен­де мұндай комплекс жоқ.
- Қазақты қалай көргіңіз кел­се, солай көріңіз. Бұл сіздің еркіңіз. Өкі­ніштісі, сіз «Қарой» атты де­бюттық фильміңізбен Венеция ки­нофестиваліне барып, «Ең үздік Азия режиссері» деген марапат алып қайттыңыз. Сіздің фильміңізді көр­ген қаншама ұлттың қазақ жө­нінде теріс, жаман пікірі қалып­тас­ты-ау деген күмән сізді мазаламай ма? Сіз жүлде үшін өз ұлтыңызды өз­геге жығып беріп отырған жоқ­сыз ба? Жалпы, соңғы жылдары ше­телден жүлде алып келіп жатқан отанд­ық фильмдердің басым бөлігі қа­зақты неге сорлы, бейшара, на­дан етіп көрсетуге құмар?
- Қазақтың «мықтылығын» на­сихаттайтын фильмдерді -Қа­зақ­фильм түсірсін. Бұл үшін қыруар қар­жы жұмсалып, халық пен мем­лекет қалтасынан төленіп отыр. Ал мен мемлекеттік емеспін. Сон­дықтан менің фильмдеріме -жа­нымды ауыртып, жүрегімді сыз­дат­қан тақырыптар ғана арқау бола ала­ды. Болашағы айқын, ертеңі жар­қын Қазақстан үшін менің жү­регім ауырмайды. Ол менсіз де қанатын кеңге жая берер.
- Дегенмен мен ауылды ылаңға са­лып, ұрлық жасап, үйленген жастардың арасына түсіп, айы күні жақындап, босанғалы отырған келіншекті зорлап, өз анасын өлтірген, тоқырауға ұшыраған, арақ пен қылмыстан өзге қызығы жоқ, сіздің кейіпкеріңіз Азат сияқты қазақты кездестірген емеспін. Оны көрсету арқылы сіз не ұттыңыз?
- Мүмкін, сіздің жолыңызға Азат сияқтылар жолықпаған бо­лар. Мен бұл үшін қуаныштымын. Мә­селе бұл жерде қалай туындап отыр? Біз бір адамның өмірін көр­сету арқылы, бүкіл өмір осындай де­генді тұспалдамаймыз ғой. Өмір әр қилы. «Ойпырым-айды» көр­ген­дер, «неге ананың бейнесі олай, неге бұ­лай» деп сын айтты. Мен ел­дің бә­рінің анасы осындай деуден ау­­лақпын.
- Бұл фильміңіз «Қаройға» қа­ра­ғанда көш ілгері екен. Расында да, «Ойпырым-ай» жайлы «анасы сүт кен­жесін үйлендіру үшін неге қа­йыршы сияқты алақан жайып, бар­лық баласын адақтап шығу керек?» де­ген пікірлер айтылды. Бұл жа­йында не дер едіңіз?
- Жоғарыда айтқанымдай, мен барлық қазақтың анасы осын­дай деп отырған жоқпын. Мә­селен, менің өзімнің анам аталған ке­йіпкерге мүлдем кереғар жан. Мен тек қазақтар той жасау үшін соң­ғы қаржысын жұмсап, қарыз­данып, қауғаланып, осындай әре­кет­терге барады дегенді айтқым келді.
- Жанна, сіз «менің фильмімді ұнат­пайтын адамдардың бойында ком­плексі бар» дегенді айттыңыз. Сіз­ге қарсы сын айтқандардың бірі - Асанәлі Әшімов. Сонда сіздің па­йы­мыңызда қазақ киносының мэтр­лерінің бірі жоғарыда аталған кре­терийлерге сай болғаны ма?
- Жуырда мен Асанәлі Әші­мовтің «өнер адамдары шы­ғар­ма­шылықпен айналасу үшін аш-жа­лаңаш жүру керек» деген пі­кі­рін оқыдым. Сіз оқыдыңыз ба?
- Жоқ.
- Сонда Асанәлі Әшімовтің өзі аш, жалаңаш отыр ма екен? Егер оған менің фильмім ұна­ма­са, құдай ақы. Маған да оның жа­саған, жасап жүрген дүние­ле­рі­нің көпшілігі ұнамайды. Сон­дықтан мен актер және режиссер ре­тінде Асанәлі Әшімовке табы­на­мын деп жалған айта алмай­мын. Құдайға шүкір, менің де өне­ріме сүйсініп, табынушылар же­те­ді.
- Сүйсініп, табынушылардан гөрі, сізді сынға алушылар көп сияқ­ты ғой...
- Қазақтілді басылымдардан бас­қа ешкім мені сынап жатқан жоқ. Сіз ғаламторды ашып қа­раңыз. Орыстілді басылымдардан ма­ған қатысты қандай сын көріп тұр­сыз? Тек мақтау болмаса. Ал­дымен жамандағандардың бірі -сіз­дердің газеттеріңіз. Бірақ газет­те­ріңіздің пікірін жалпақ жұртқа те­ли көрмеңіз.
- Жанна, сіз, негізінен, қа­ла­лық­сыз. Бірақ екі фильміңізге де - ауыл тақырыбы арқау болды. Ауыл тақырыбы сізге не үшін жа­қын? Жуырда бір сұхбатыңыздан «сиырдың қалай бұзаулағанын көр­ген­діктен, мен ауылды білемін» деп ай­тып едіңіз...
- Мен ауылды бүге-шігесіне де­йін білемін деп ешқашан айт­паймын. Бірақ маған ауыл - әлеу­меттік жағынан қорғалмаған сияқ­ты сезіледі. Жалпы, мен енді ауыл жайында фильм түсірмеймін деп шештім.
- Дегенмен сіздің пайы­мы­ңыз­дағы қазақ ауылы қандай екенін бі­луге бола ма?
- Қазақ ауылдарындағы ең өзек­ті мәселелердің бірі - жал­қау­лық. Мен еліміздің көптеген ауыл­да­рында болдым, тұрмыс-тір­ші­лі­гімен таныстым. Бара қалсаң, бо­ла­шағы бұлыңғыр, қол қусырып отыр­ған жандарды көресің. Аяқ қо­лы балғадай еркектер араққа сыл­қия тойып алып жүргені. Неге со­лар есігінің алдында егінін ек­пейді, жерін жыртпайды, малын өсір­мейді? Мен осыған таңғала­мын? Ауылды «өлтіріп» жатқан - жал­қаулық. Әрине, мен барлық ауыл­ға топырақ шашудан аулақ­пын. Бірақ басым бөлігі менің айт­қандарыма саятыны жасырын емес. Ал сіз менен халық жауын жа­сағыңыз келеді. Сіздің ойыңыз­ша, мен өзім қалалық бола тұра, ауыл­дың сорлылығын көрсету ар­қылы өзіме карьера жасап жүрген жан сияқтымын ғой. Яғни бүкіл әлем­ге қазақты масқаралау ар­қы­лы атақ-даңқ жинап жүрмін. Со­лай емес пе?
Мен сіздің жыныңызға неге тие­тінімді білемін. Неге Асанәлі Әші­мов мені ұнатпайды? Өйткені мен ағысқа қарсы жүзіп келе жат­қан адаммын. Ешқандай ережеге ба­ғынбаймын. Қатып-семіп қал­ған заңдылықтарға қарағым да кел­мейді. Ал бәрі қалыпты болу үшін, мен алдымен кино маман­ды­ғын алып, одан кейін он жыл­дай қолыма сценарийімді алып, Асанәлі Әшімов сияқтылардың ар­тынан жүгірсем, тек жасым қы­рыққа келгенде ғана маған «мә, тү­сірші» деп, бір кино берер ме еді, бер­мес пе еді? Мен өзгелерге үлгі бо­лып, «бұлай отырмаңдар, әрекет етің­дер, өмір бойы үміттеніп, күте бе­руге болмайды» дегенді көр­сетемін. Осындай болғандықтан, мен кей адамдардың қытығына тие­тін шығармын. Мені өзгелердің пі­кірі қызықтырмайды. Қайта осын­дай сөздер қамшы болып, ша­бытыма шабыт қосып, алға қа­рай жүруге итермелейді. Жалпы, мен ешкімде жұмысы жоқ адам­мын. Адамдар мені неге өздері із­деп келіп, пікірлерін тықпалайды екен?
- Жанна, жалпы кино дегеніміз ал­дымен көркем өнер ғой?
- Иә.
- Ал сіз фильмдеріңізде, шы­на­йылыққа баса мән беріп, нағыз өмір­ді көрсетуге басымдылық та­ны­татын сияқтысыз...
- Мен шынайылық пен өнер еке­уінің арасында ешқандай қа­ра­ма-қайшылықты көріп тұрған жоқпын.
- Менің пайымымдағы өнер бә­рінен жоғары. Ал сіздің шынайы­лы­ғыңыз маған өнердің құнын т­ү­сіріп тұрған сияқты әсер қал­ды­рады... Сонда сіз өнер - өмірдің шын­дығы деп айтқыңыз келе ме?
- Ең ұлы өнер - ол әдемі жет­кізілген ақиқат. Шындықтың кө­рінісі. Мәселен, сізге бір қызық жайт айтып берейін. Балалардың қа­бі­летін анықтау үшін, оларға «ағаштың суретін салыңдар» деген тап­сырма беріледі. Барлық бала ағаштың суретін кәдімгі қалыпты қал­пында, жапырақ, бұтағымен са­лып шығады. Тек бір ғана ба­ланың суреті күнге ұқсапты.
Одан «сен не салдың» деп сұ­раса, «мен ағашқа төбесінен қарап тұр­мын» деген екен. Өйткені ол - ге­ний. Өнердің де құдіреті осында шы­ғар? Автор өмірді өзгеше көріп, жұртшылыққа қалауынша ұсына ала­ды. Ал адамдар «жоқ, бұл ағаш емес, ағаш былай болуы керек» деген пікірді маған тықпалайды. Мен - режиссермін. Менің кино­ла­рым - менің пайым, түсі­нік­те­рім. Жал­пы, маған қолтаңбасы өз­ге­­шелеу, оқшаулау авторлар ұнай­ды. Яғни өнерге басқа қырынан ке­­ліп, тосын ой тастайтындарды жақ­­сы көремін. Көрерменнің ау­зы­на бәрін шайнап салып беруге бол­­майды. Мен Кустурицаны, Да­­нелияны, Курасаваны пір тұ­тамын. Өйткені бұлар ағашқа тө­бе­сінен қарайтын жандар.
- Сіз соңғы жылдары түсірілген қа­зақ киноларына қандай баға бе­ресіз?
- Маған «Тюльпан» қатты ұнады. Сонымен қатар «Қош бол, Гүл­сары» фильмі де көңілімнен шық­ты. «Жетімдер», «Жаралы се­зімді» көрдім. Бұларға жасанды өнер деп баға берер едім. Дегенмен сең қозғалды, қазақ киноны көп­теп түсіре бастады. Осыған қуа­ныш­тымын. Өйткені ештеңе жа­самай қол қусырып отырсаң қа­лай өсіп, қалай дамымақсың?
- Сіздің бір фильміңіз фи­ло­софиялық драма болса, екіншісі - ко­ме­дия. Екеуі де күрделі жанрлар емес пе?
- Жалпы, мен табиғаты өте қы­зық жанмын. Маған жеңілден гө­рі, қиындығы көп дүниелерді қол­ға алу көбірек ұнайды. А­л­дымен «Жанна, қолыңнан келе ме, кел­мей ме» деп, өз-өзімді қайрап ала­мын.
- Ең қызығы, сіздің екі филь­міңіздің де түсіру жұмыстары бір ай­ға жетер-жетпес уақытта аяқ­тал­ған екен...
- Әркім әртүрлі жұмыс іс­тейді. Ал­дымен барлығын ба­сымда «пі­сіріп» аламын. Жалпы, өте ылдым-жыл­дым адаммын. Бар­лығын жыл­дам жасағанды жақ­сы көремін. Үй­ді де өте аз уа­қытта тазалап шы­ғамын. Тамақты да лезде да­йын­дай­мын. Менің өмір сү­ру ритмім осындай. Кейде бі­реудің тасбақа сияқты асықпай жа­сап жатқан тірлігіне қарап ішім пы­сып кетеді.
- Сіздің «Ойпырым-ай» атты фильміңіз 8 Оскар сыйлығын алған Гол­ливудтың «Миллионер из тру­щоб» фильмі сияқты голливудтық стилмен аяқталды. Жалпы, сіз бұл фильмді көрдіңіз бе?
- Көрдім. Өте тамаша фильм.
- Еңбектеген баладан ең­кейген қартқа дейін ұнайтын, жұрт­тың бәрінің көңілінен шыға­тын осындай фильм түсіргіңіз келе ме?
- Мұндай фильм түсіруге ал­дымен қыруар қаржы керек. Ал біз­дің киноларымыздың бюджетін ес­тігендердің күлкісі келетін шы­ғар. Тиын-тебен ғана. Әрине, егер ме­нің қолыма бәленбай миллион берсе, мен де жүз пайыз барымды са­лар едім. Ал біздің елімізде «бес тең­геге» татымды дүние жасауға бо­лады деген түсінік бар. Маған мол қаржы төлеңіздер, сосын б­а­рып, «киноң неге былай» деп, сұ­рауларыңызға болады. Ал мен жүр­мін, анадан сұрап, мынадан сұ­рап, жанымды қинап, кино тү­сіріп. Қазақтар маған неге ақша бер­мейді? Мен ешқашан халық үшін кино түсірмеймін. Мен тек өзім үшін ғана түсіремін. Мәселен, біз­де «тек халық үшін жасадым» де­ген­ді айтатындар көп ғой. Олар­ды тү­сінбеймін. Және олардың айтып отырғаны 100 пайыз эгоизм деп қа­былдаймын. Шынтуай­тын­да, әркім өзі үшін ғана түсіреді емес пе? Олар­дың бұлай айтпасқа қа­қыла­ры жоқ, өйткені киноларын ха­лық­тың ақшасына түсіріп жа­тыр. Әри­не, өзім үшін түсірсем де, егер менің ки­ноларымды біреулер қа­былдап жат­са, шексіз бақыт­ты­мын. Мұн­дайда «өмірді мен сияқ­ты қабыл­дай­тындар бар екен ғой» дег­ен ойға қа­ламын. Халық өзіне ұнайтын ки­но түсіргенімді қаласа, он­да маған ақ­ша берсін, қандай ки­но түсіріп берер екенмін. Маған бі­реу «мә, ай­налайын» деп ақша бе­ріп пе?
- Егер сіз өзіңіз киноңызда айт­қа­ныңыздай халық аштан қы­ры­лайын деп жатса, сізге қайдан ақ­ша берсін?
- Менің қазаққа ешқандай қа­ры­зым жоқ. Мен тек өзімнің туыс-туған, әке-шешем, бауыр­ла­рым мен ба­ламның алдында ғана бо­рыш­тымын. Ал халыққа мен са-лық төлеймін. Және өте үлкен кө­лемде. Сон­дықтан ұлтымның ал­дында еш­қандай комплекс се­зінген емес­пін. Жалпы, мен ақы­мақ адам екен­мін. Осы «Қаройды» тү­сірген соң, жұрттың бәрі маған шек­сіз ри­за болып, «Жанна, сен қан­дай ке­ре­метсің, маңдай ақың­мен тапқан 300 мың долларды өзі­ңе жұм­са­мадың, осы ақшаға ар­ман­даған үйіңді салып, болмаса әде­мі көлік алып, тым болмаса қым­бат бұ­йым­дар алуыңа болар еді ғой. Ал сен ақ­шаңды бізге ки­но түсіруге жұм­садың» деп ай­та­тын шығар деп ой­лағанмын.
- Жанна, сіз мана өзіңіз жайлы ай­тылған пікірлер қызық­тыр­май­тынын айттыңыз. Олай болса, «Ай­қын» газетінде жарық көрген Қан­ша­йым Байдәулетованың cын мақа­ласы үшін, «Хит ТВ» арнасына ба­рып, неге онымен пікірсайысқа түс­тіңіз?
- Мені «Хит ТВ» сұхбат алуға ша­қырды. Бірақ олар да сіз сияқты ал­дын ала маған қарсы болып алыпты. Әртүрлі қитұрқы сұрақтар қо­йып «сіз жамансыз» дегенді ал­дыма тартады. Оларға «егер мен жа­ман болсам, онда неге ша­қыр­дыңыздар? Сіздер ешқандай «CCN» болмаса «BBC» емессіздер. Сіз­дердің де арналарыңыз маған ұна­майды. Тоқырауға ұшыраған, түк­ке тұрғысыз дүниелерді көр­се­те­сіздер» деп, өзара келіспей қал­дық. Қойшы, сонымен олардың мақ­саты біреу екен. Мені ақымақ етіп көрсету. Сол мақсаттарына жет­ті де. Алдын ала тек «Ой­пы­рым-ай» жайында сұхбат аламыз деп ке­лісілген болатын. Біршама уа­­қыт өткен соң, «Айқын» газ­е­тінде осындай сұхбат жарық кө­ріпті» деп, әңгіме ауанын өзгертті. Олар­дың сұрақтарына тиісті жа­уа­бымды бердім.
- Сізді үшінші фильміне кі­ріскелі жүр дейді. Бұл фильм не жа­йында болмақ? Жалпы, қандай фильм түсіруді армандайсыз?
- Тиын санап шаршадым. Бюд­жеті үлкен фильм түсіргім ке­леді.
- Сіздің ойыңызша, жақсы фильм бюджетке тәуелді ме?
- Фильмнің сапасы тәуелді. Сіз­дің қолыңызда бір камера бол­ғаны жақсы ма, әлде үш камера бол­ғаны жақсы ма? Өнер мен сапа еке­уі бір-бірінен ажы­ра­ғысыз. Ендігі фильмім махаббат жай­лы болмақ. Әсем Алматыны, әдемі қыз­дар мен жігіттерді көр­сетсем... Сұ­­лулықты сағын­дым... Ма­хаб­бат жай­лы фильм­мен ауы­рып қал­­дым. Жатсам, тұрсам есім­нен кет­пейді. Нағыз, шынайы се­зімді кө­­рермендеріме тарту ет­сем дей­мін. Бұл арманым жүзеге асу үшін, амалсыз тағы да ақша жи­нау­ға тура келеді...
- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Мақпал ҚАРАТАЙҚЫЗЫ

"Айқын" газеті 18 маусым 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572