Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Б.Қонысбаев" атындағы өткізу бекеті қайта жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 1 қарашадан бастап жабылады.
Осыған байланысты Өзбекстанның кеден комитеті тауар тасымалдаушыларға, ауыр және жеңіл көлік жүргізушілеріне қазақ-өзбек шекарасындағы өзге өткізу бекеттерін пайдалануға кеңес береді.
"Б.Қонысбаев" өткізу бекеті Ташкент облысы Чиназ ауданындағы "Яллама" өткізу бекетімен түйіседі.
Abai.kz