Бейсенбі, 29 Қазан 2026
4349 0 пікір 23 Қазан, 2019 сағат 10:55

Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліске техникалық ақау себеп болып жатыр

Қазақстанның "Таджен" және Өзбекстанның "Дауд-Ата" шекара өткізу бекеттерінде көліктер кептелісі техникалық ақаудан туындап отыр. Осылай деп Өзбекстанның шекара қызметі мәлімдеді.

Мекеме өзбек-қазақ шекарасынан өту үшін, басқа өткізу бекеттерінен өтуді ұсынып жатыр.

"Қазақстандық әріптестер техникалық ақауды тез арада жояды деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз хатшысы.

Осыған дейін қазақ-өзбек шекарасының аталған бөлігіндегі өткізу бекеттерінде 40 жүк көлігі кептеліп тұрғаны хабарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1261
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1767