Іле өзеніндегі Тамғалы тас маңайы тұрмыстық қоқыстан тазартылуда
Астана. 10 тамыз. ҚазТАГ - Іле өзеніндегі Тамғалы тас маңайы тұрмыстық қоқыстан тазартылады, деп Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бүгін банк «ЕАДБ экопатрулі» қызметін іске қосады. Төрт автобустан тұратын колонна таңертең банктің бас кеңсесінен Іле өзенінің бойындағы Тамғалы тас жаққа бет алды. Олар сонда осы табиғи және археологиялық ескерткіш территориясын тұрмыстық қоқыстан тазартады», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.
Акция мақсаты - қоғамның экологиялық мәдениетінің көтерілуіне, адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезінуіне, сондай-ақ ЕАДБ қатысушы-мүше мемлекеттердің ерекше табиғатын қорғауға септігін тигізу. Оның ұраны: «Тынықтың ба - өзіңнен кейін жинастырып кет!».
«Соңғы кездері Тамғалы тас шатқалы алматылықтар мен қонақтардың сүйікті тынығу орнына айналды. Өкінішке қарай, соның салдарынан мұнда тұрмыстық қалдықтар толып кетті: бөтелкелер, темір банкалардың қабыршықтары, орама қағаздар мен басқа да қалдықтар осы территорияда молынан шашылып жатыр», - делінген ақпараттық баянда.
Акцияға қатысушылар арасында - ЕАДБ қызметкерлері мен басшылары, қазақстандық БАҚ пен әкімшілік өкілдері де бар. ЕАДБ осындай акцияларын басқа да банкке қатысушы-мүше мемлекеттер: Ресей, Беларусь, Армения мен Тәжікстанда өткізбекші.

Еуразиялық даму банкі қатысушы-мемлекеттерде нарықтық экономиканың қалыптасуына септігін тигізу, олардың тұрақты экономикалық өсуі мен өзара сауда-экономикалық байланысын кеңейту мақсатында Қазақстан мен Ресей бірлесіп 2006 жылы қаңтарда құрған халықаралық қаржы институты. ЕАДБ жарғылық капиталы $1,5 млрд. Банктің қатысушы мемлекеттері: Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Тәжікстан.