Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4989 10 пікір 25 Қазан, 2019 сағат 10:43

Қазір Конституцияға кім сенеді, Ерлан мырза?!

Ерлан Кариннің "Қос билік" туралы видеосын көріп шықтым. Бірінші аргумент ретінде Конституцияны келтіре бастағанда күлкім келе бастады. Екінші аргумент ретінде Елбасының билік Тоқаевта деген сөздерін келтіргенде "от души" күлдім. Конституция мен Елбасына кім сенеді қазір?.. Аргумент емес. Соңында 184 жарлықты айтып бұның бәрі 2018 жылы қабылданған шешімдердің нақтылануы деді.

Жалпы Каринмен келісемін. Қос билік бізде жоқ. Болмаған да! Елбасы билігі бар. Бітті! Бірінші президенттің билігі заманға сай модернизацияланып, түрленіп ешқашан сайлауға түспейтін, өмір бойы басқаратын жаңа деңгейге шықты. Тоқаев енді 4 жыл максимум отырар келесі сайлауда оң-солын танымаған басқасы келеді. Ол есін жинаймын дегенше басқасына ауыстырады. Осылай кете береді.

Екі ақсақалды қойшы. Жастардың елдің басын улап алдап сөйлегені ауыр тиеді екен. Қызметі ғой енді. Айту міндеті. Сондай сөзді айта алатын болғаны үшін де отыр сол жерде. Өтірікті шындай, шындықты құдай ұрғандай қылып сөйлей алмасаң өспейтін замандамыз...

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364