Жұма, 20 Қараша 2026
Жаңалықтар 106 0 пікір 20 Қараша, 2026 сағат 14:52

Украина: Орта дәлізді Дунай арқылы ЕО-мен жалғайық!

Сурет: news.az сайтынан алынды.

Украина Орта дәлізді Қара теңіз бен Дунай арқылы ЕО нарықтарымен байланыстыруды ұсынды...

Украина Орта дәлізді Қара теңіз, Дунай және Еуропалық Одақтың қолданыстағы «ынтымақтастық жолдары» арқылы еуропалық нарықтармен байланыстыруды ұсынды.

Украина СІМ басшысы Сибига Киевтің Орталық Азия елдеріне көлік бағыттарын әртараптандыруға, логистикалық тәуелсіздікті нығайтуға және еуропалық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Атап айтқанда, Украина порт инфрақұрылымын дамытуды, еуропалық жолтабанды теміржолдарды жаңғыртуды және шекаралық рәсімдерден өтуді жеделдетуді ұсынды.

Сондай-ақ Киев инфрақұрылымдық жобаларды Еурокомиссиямен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, Түркиямен, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен бірлесіп үйлестіруді жақтады.

Бұл ұсыныс 16 қарашада Брюссельде өткен министрлер кездесуінде айтылды, онда қатысушылар Орта дәлізді, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде ЕО 2030 жылға қарай осы бағыттағы сауда ағындарын үш есеге арттыруды көздеп отыр.

Abai.kz

0 пікір