Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6635 9 пікір 25 Қазан, 2019 сағат 10:53

"Жарымес мақтануға дым таппағанда, қай ұлттың ұлы екенін айтып мақтанады"

• Ақылды адам жалғыздыққа құмар емес, ол тек ақымақтардың ырду-дырдуынан бойын аулақ салуға ұмтылады.

• Жастық шақпен өлшесең – өмір мәңгілікке созылатын келешек, қарттықпен өлшесең – зымырап өте шыққан өткен шақ.

• Хайуанға қатыгездік көрсеткен жан адамға мейірім көрсете алмас.

• Бір ғана туабітті қателік бар – біз бақытты болу үшін жаралғанбыз деген сенім.

• «Мен мұны өзгерте алмаймын, ендеше бұдан сабақ алуым керек» дегенді іштей жиі қайталап үйренген абзал.

• Айналаңдағы надандықпен күресе алмайсың. Бірақ текке алаң болмаңыз, сазға түскен тас тез батып кетеді.

• Әйелсіз күнің: басында – қорғансыз, ортасында – рахатсыз, соңында – жұбанышсыз болмақ.

• Ортаңқол сана уақытты қалай өлтірсек деп уайымдайды. Дарынды адам уақытты қалай жеткізсек деп алаңдайды.

• Лихтенберг: «Бас пен кітап соғылса, ылғи кітаптың ғана дыбысы шыға ма?» дегенді қалай ғана байқаған...

• Кім жалғыздықты жақсы көрмесе, сол еркіндікті сүймейді. Өйткені, тек жалғыздықта еркін болуға болады.

• Адам бақытты болуы үшін қалтасындағы байлығы емес, бойындағы қасиеті маңыздырақ.

• Әр адамды тыңдауға болады. Бірақ әрбірімен сөйлесу міндет емес.

• Байлық тұзды су сияқты. Ішкен сайын шөлдей түсесің. Атақ та сондай.

• Кейде бір жерді сағынған сияқты боласың. Ал, шын мәнінде сол жерде өткізген жастық шағыңды сағынасың. Осылай уақыт кеңістік бетпердесін киіп алдайды...

• Аузын қу шөппен сүртетін жарымес мақтануға дым таппағандықтанда қай ұлттың ұлы екенін айтып мақтанады.

• Өзгенің абыройы мен жетістігін еркін әрі лайықты бағалау үшін өзіңнің де арлы болуың шарт.

• Адамдар тағдыр деп атайтын құбылыс шын мәнінде өздері жасаған ақымақтықтың жиынтығы ғана.

• Дананың сөзі жай адамның сүзгісіне шыдас бермейді.
• Әр бала белгілі бір деңгейде дана, әр дана белгілі бір деңгейде бала.

• Дұшпаның білмеуге тиістіні досыңа айтпа.

• Адамзат баласының дамуын тежеп келе жатқан бірден бір себеп, адамдар ақылдыларды емес, айғайшыларды көбірек тыңдайды.

• Әлем – бейдауа дертке шалдыққандардың ауруханасы.

(Артур Шопенгауэрдың қанатты сөздерін аударған Шынар Әбілда)

Шынар Әбілданың facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359