Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады – Қазгидромет
Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болады да, сонымен байланысты күн ашық болады; еліміздің қиыр оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық тұтас ағым өтуінен онда күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Бейсенбі күні Астанада ала бұлтты, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады, ауа температурасы +26+28°С градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, өтпелі жауын жауады, батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 15 м/с болады, ауа температурасы +25+27°С болады.
Синоптиктердің мәліметтерінше Қазақстанның солтүстігінде күн ашық болады. Қостанай облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы +27+32°С, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облысында да күн ашық, ауа температурасы +25+30°С болады.
Қарағанды облысында күн ашық болады, ауа температурасы +23+28°С болады. Шығыс Қазақстан облысында да күн ашық, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +25+30°С болады.

Республиканың оңтүстігінде Алматы облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады. Оңтүстік Қазақстан облысында да осындай ауа райы болып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, шаңдатып боран соғып, ауа температурасы +27+32°С болады. Жамбыл және Қызылорда облыстарында күн ашық, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы +25+30°С және +32+37°С болады.
Республиканың батысында барлық облыстарда күн ашық: Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында ауа +32+37°С; Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше, +33+38 және +29+34°С болады.
Метеоқызметтің хабарлауынша Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте күшті ыстық болады.
Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі өте жоғары болады.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейі құбылмалы болады.