Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2886 1 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 11:08

Бейрутта көтерілген халық 171 шақырым жолды жапты

Ливанда үкімет отставкасын талап етіп жатқан наразылық акциясына қатысушылар 171 шақырым көлік жолын жапты деп хабарлайды Reuters.

Ливанда халықтың көтеріліп жатқанына он бірінші күн. Наразылық білдірушілер билікті жемқорлықтың арқасында экономикалық дағдарысқа түсірді деп айыптайды. Бұл елде дәл осындай азаматтық акциялар 1975–1990 жылдары азаматтық соғыс кезінде болған.

Ливанда мектептер мен көптеген кәсіпорындар жабылды. Банктердің жұмыс істемей жатқанына бір аптадан асты.

Соңғы күндері ел үкіметі реформа жасау үшін шұғыл жоба қабылдаған. Бірақ бұл көтерілген халықты баса алмады.

Ватиканда Рим папасы Франциск наразылық білдіріп жатқан Ливан жастары үшін құлшылық етіп, халықаралық қауымдастықтан көмек көрсетуін сұрады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6069