Жұма, 22 Қараша 2024
Алашорда 8755 12 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 13:13

Алаш гимні туралы

...Кейінгі жылдары осы «Алаш гимні» табылды деген хабарға құлағымыз елең ете қалған еді! Оның біраз нұсқаларын да (Түркие қазақтарының; Талдықорғандық өлкетанушы Ж. Толымбековтың мәліметі бойынша, үш рет репрессияға ұшыраған, Ақсулық қарт - Дулатбек Толымбекұлы (1898-1968) айдалып барып, әйгілі «Беломор каналын» қазу кезінде, Карелия АССР-і, Словецскіде, Міржақыппен бірге болған екен. Көптеген өлеңдерін жатқа айтқан көрінеді, соның бірі осы гимн. Бұны жеткізуші ақсақалдың қыз-келіндері болған апалар; Жоламан Қажымановтың домбыраға қосыла орындауы т.б.) кездестірдік.  Негізі, бұлар, сол гимннің нұсқалары ма, нақты авторы (М. Дулат дегенге көбірек саяды) кім... анығын зерттеушілер айта жатар!

Мен өз тарапымнан біраз ескірген сөздерді қазіргі заманға сәйкестендіріп, өңдеуге талпындым және әуені де өңделсе деген ниеттемін! Тағы бір талабым авторлары ретінде Алаш арыстарын бөліп жармай бірге көрсетсек! 

PS: Төменде маған кездескен бірнеше нұсқаларды қоса келтіріп отырмын. Бұл ұсынысыма «Алаш» идеясын насихаттап жүрген «Ақ Жол» партиясының көсемдері не дер екен (Мүмкін, конкурс өткізіп, белгілі композиторларымыздың біріне әнін өңдетсе...)  

Алаш гимні

(Сөзі мен әні: Ә. Бөкейхан, М. Дулат, А. Байтұрсын)

Арғы атам ер Түрік, біз қазақ еліміз,

Асқар тау, шалқар көл, кең байтақ, жеріміз.

Ежелден ен жайлап, сайрандап, жайраңдап,

Ерке өскен даланың, еркесі, серіміз.

 

Ұрпағы Алаштың, бабалар кемеңгер, 

Егеске ел бермес, шын туған ерен ер.

Бұғаудан босанған, біз долы арыстан,

Азатпыз бұл күнде, қалмасын іште шер!

 

Ат мінсек суылдап, жел болып шабамыз,

Лап етсек, от болып, дуылдап жанамыз.

Алаштың ақ туын, қолға алып, көтеріп,

Еліме жау келсе, шын ойран саламыз.

 

Ер Түркі ежелден, оқ тескен етіміз,

Қаймығып еш жаудан, қайтпаған бетіміз.

Жаусын оқ, ақсын қан, шықсын жан, қорқу жоқ,

Алаштың жолында, жан қимақ ниетіміз.

 

Біздерге сөз бе екен, жауыңның көп азы,

Өлсек хақ шейітпіз, өлтірсек біз қазы.

Алаштың аруағы, жебесін, қолдасын,

Жасаған сақтай көр, Алаштың Ордасын.

Қайырмасы: 

Азаттық еліме,

Бұйырсын мәңгілік!

Алаштың ұраны,

Өшпесін жаңғырып!

(Осы заманға сай, сөзін сәл өңдеген Азкен Алтай. Жетісулық. Әні:?) 

..........................................

 Маған кездескен бұрынғы мәтіндер:

Арғы атам ер түрік, біз қазақ еліміз,

Самал тау, Шалқар көл, Сары-Арқа жеріміз.

Сай сайлап, мал айдап, сайрандап, ел жайлап,

Ерке өске Арқаның, еркесі, серіміз

 

Біз жүрген Алаштың, шын кемеңгеріміз,

Егеске ел бермес, еңіреген еріміз,

Бұғаудан босанған, біз долы арыстан,

Долданса болмайтын, жаңа дәу періміз.

 

Ат мінсек суылдап, жел болып шабамыз,

Лап етсек, от болып дуылдап жанамыз.

Алаштың ақ туын қолға алып,

Ақырып, ұрандап шапқанда, Жауға ойран саламыз.

 

Ер Түркі ежелден оқ тескен етіміз,

Қаймығып еш жаудан қайтпаған бетіміз.

Жаусын оқ, ақсын қан, Шықсын жан, қорқу жоқ,

Алаштың жолында жан қимақ ниетіміз.

 

Біздерге сөз бе екен, жауыңның көп азы.

Өлсек хақ шейітпіз, өлтірсек біз қазы.

Алаштың аруағы жебесін, қолдасын,

Ақсақал тілей көр, сапарды оңдасын.

Жасаған сақтай көр, Алаштың ордасын,

*************************

Арғы атам ер түрік – Біз қазақ еліміз!

Шалқар көл, самал тау – Сарыарқа жеріміз!

Той тойлап, мал айдап,

Ерке өскен Алаштың, Ел қорғар еріміз!

 

Қайырмасы:

Қолдай гөр жасаған!

Алашпыз қауымнан –

Қорықпаймыз жауыңнан!

 

Біз – Қали Арыстан, Долданса қоймайтын.

Алға ұмтыл, ер Алаш, Елің бар қорғайтын!

Әлихан, Әлихан – Алаштың серкесі,

Ел қамын ойлайтын!

************************

Арғы атам ер түрік, Біз қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл, Сарыарқа жеріміз.

Сай сайлап, мал айдап, Сайрандап, иен жайлап,
Ерке өскен Арқаның, Еркесі серіміз.

 

Біз жүрген алаштың, Шын кемеңгеріміз!
Егессек ел бермес, Еңіреген еріміз.

Бұғаудан босаған, Біз долы арыстан.
Долданса болмайтын, Жаңа дәу періміз!

 

Ат мінсек, жел болып, Суылдап шабамыз.
«Лап!» десек ерленіп, Дуылдап жанамыз.

Алаштың ақ туын, Қолға алып, ақырып,
«Алаш!» деп шапқанда, Жауға ойран саламыз!

 

Ер түрік ежелден, Оқ тескен етіміз!
Қаймығып еш жаудан, Қайтпаған бетіміз.

Жаусын оқ, ақсын қан, Шықсын жан, қорқу жоқ.
Алаштың жолында, Жан қимақ - ниетіміз.

 

Біздерге сөз бе екен, Жауыңның көп, азы!?
Өлсек хақ шаһитпіз, Өлтірсе біз қазы.

Жол болып жау шауып. Сау қайтсақ боламыз,
Қазақтың шын ұлы, Қаһарман сабазы!

 

Алаштың әруағы, Жебесін, қолдасын!
Ақсақал тілей гөр, Сапарды оңдасын!

Жасаған жар болып, Қазақтың еліне
Жасатсын, сақтасын, Алаштың ордасын!

Азкен Алтай 

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301