Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2219 0 пікір 12 Тамыз, 2011 сағат 05:31

Ақмола облысының су қоймаларында балықтар жаппай қырылды

Көкшетау. 12 тамыз. ҚазТАГ - Ақмола облысындағы «Бурабай» ұлттық табиғи бақ территориясындағы Үлкен Шабақты көлінде балықтар жаппай қырылды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

«БШҚАЗҒЗИ» ЖШС солтүстік филиалының директоры Жеткерген Әбдиевтің айтуынша, негізінен алабұға мен арқан балық тұқымына жататын балықтар су бетіне қалқып шығыпты. «Арқан балық тұқымдастары салқын суда мекен етеді және біз көл табанында жер қыртысының жылжуынан газ бөлінуі орын алды ма деп болжап отырмыз», - деді Ж. Әбдиев.

«Бұл бір ғана болжам, оны біз тиісті сауал жолдаған Ұлттық ядролық орталық, ҚР геофизикалық зерттеулер институты ғана растай, не теріске шығара алады», - деді ол.

Оның айтуынша, былтыр да осындай өлі балықтар қалқып шыққан. Бірақ былтыр қуаңшылық болған, сондықтан салқын суға бейімделген балықтар ыстыққа шыдамады. «Сол кезде солай деп шешкенбіз, ал биылғы, жауыны мол жылы не болғанын әзірге айту қиын», - деді ғалым.

Бұл ретте әуесқой балықшылар өлі балықтар, сондай-ақ, Көкшетау ішіндегі Қылшақты өзенінде де қалқып шыққанын айтып отыр.

«Біз бұл мәселені қадағалап отырмыз. Қалалық СЭС су және өлі балықтардан сынамалар алды. Енді солардың талдамасы аяқталған соң ғана нақты болжам айтуға болады», - деді осыған байланысты облыстың табиғатты қорғау прокуроры Күнсая Балғожина.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550