«Ұлттық ұстаным мен мінез: кеше және бүгін» атты жиын өтеді
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 29 қазан күні15.00-де Оқушылар сарайының мәжіліс залында (Б. Момышұлы даңғ., 5,) «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубының «Ұлттық ұстаным мен мінез: кеше және бүгін» тақырыбындағы кезекті отырысын өткізеді.
Күннен күнге көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан дүниеде өз болмысыңды өзгертпей сақтап қалуда ерлік.
Жаңа мен ескінің, өркениет пен дәстүрдің, қала заңы мен дала заңының бір арнада топтасуы қай заманда да болған және бола да бермек. Ендеше қазіргі қазақтың ұлттық менталитетіне осы заңдылықтар қаншалықты оң және теріс әсер етіп жатыр.
Дөңгелек үстелдің мақсаты осыны сараптау, талдау, дұрысын қабылдап, бұрысына қарсы шара қолдану.
Abai.kz