Жұма, 22 Қараша 2024
3403 2 пікір 30 Қазан, 2019 сағат 11:48

Президент шетел азаматтарын міндетті тіркеуді алып тастауға тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "қысқа мерзім ішінде" елде жүрген шетелдіктерді миграциялық мекемелерге міндетті тіркеуді алып тастауды тапсырды.

"Егер біз шын мәнінде ірі қалаларға инвестиция мен туристерді тартқымыз келсе, қысқа мерзім ішінде мұндай анахронизмнен арылу керек", – деді Тоқаев Алматыны дамыту жөніндегі жиында.

Президенттің айтуынша, бұл шетелдіктерге ыңғайсыз жағдай туғызып ғана қоймайды, коррупцияның көзі болып саналады. Туристерге шекара бақылау бекетінен өтудің өзі жеткілікті деп есептейді мемлекет басшысы.

Тоқаев үкіметке туристерді міндетті тіркеуді Жаңа жылға дейін алып тастауға тапсырма берді.

Шетел азаматтары жөніндегі заңға сәйкес, Қазақстанға келетін туристер бес күн ішінде ішкі істер басқармасына барып тіркелуі қажет. Заңды бұзған жағдайда 100 доллар көлемінде айыппұл салады не елден тез арада шығып кетуі тиіс.

Қазақстанның статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы елге 8,5 млн турист келген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308