Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4362 4 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 10:48

Біздің қоғам ұлттық мүддені ешқашан ескермеген

«Хе(э)ллоуин» деген – Ирландия, Шотландия, Ұлыбританияда тойланатын көне мерекенің бірі екен. Өзге елдің бұл мерекесі де – әр нәрсені бойына жапсырып еліктегіш біздің қазаққа жұққан індеттің бірі. Қашанда не нәрсенің салдарымен күрескенсіп, себебіне үңілмейтін әдетіміз бар. Ұлттық құндылығымызға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын осы «індеттің» біздің қазақтың арасына қай кезден кірігіп кеткенін ешкім аңғарған жоқ.

«Үлкені жоқ ауылдың баласы – дуана» деген мақал бар. Төрімізде басқа мәдениет тайраңдап, басқа дүниетаным үстемдік құрып жатыр. Мұндай рухани зорлыққа араша түсу Үкіметіміздегілердің қаперіне де кірмейді. Ал енді саралап көрейік, бұған кім кінәлі? Бірінші – ата-ана, отбасы. Егер біз өзіміз баламыздың тек материалдық жағдайына ғана көңіл аударып, өзінің дәстүр-салтын ұқтырып, ұлтындағы барды насихаттап, ұлттық мерекелерге үлкен мән беріп, жасалуға тиісті жөн-жоралғыны отымыздың басында жасап отырсақ, балаларымыз да өзгеге беталды еліктемес еді...

Екіншіден, қоғам. Иә, біздің қоғам ұлттық мүддені қорғап, қазақтың менталитетін ешқашан ескермеген. «Жаһандану» деп жанұшырып желпілдеп жүрміз. 30 жылдан бері балабақшадан бастап, қазақтың өзіне тән ата-бабадан келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбие мен тағылымнан, яғни халықтық педагогикадан сабақ беру қолға алынған жоқ. Ауылдағылар қалаға үдере көшіп, өркениетке ұмтылуда. Дала қазағының тұрмыс-тіршілігінен бейхабар қалып, қазақтағы барды көріп өспеген қаладағы қазақ балаларына хе(э)ллоуин тойлау әдетке айналып барады. Бұл да – себеп. Әжесінен қалған қызылды-жасылды текемет пен алашаның, сырмақ пен құрақтың қалай дайындалатынын көрмей жетіліп жатқан қаладағы қазақ баласы Үндінің холи мерекесіндегі бояуды біріне-бірі шашып, бетіне жағуға әуес бүгінде. Шындығында, кемпірқосақтағы жеті түсті де, сағыммен ойнаған сантүрлі сиқырлы бояуды да қазақтай танып-біліп тұрмысына пайдаланған ұлт аз ғой.

... «Әсіреқызыл тез оңар», – дейтін бабаларым. Олай болмай тұр. Ұлттық құндылығынан жұрдай болып бара жатқан қуыскеудеге әсірееліктеушілік те, әсіреқұмарлық та әуес екен, осыны түсінейікші. «Бос жерге шайтан үйір» екеніне баса мән беретін үлкендер де азайып қалды. «Білгеннің қандай пайдасы білместі жолға салмаса», – дейді аталарымыз.

Адамзаттың соңы бүгінгілер ғана емес, кейін де келешек бар, яғни бүгінгінің баласы – ертеңгінің қарты екенін есімізден шығармайық. Осы орайда біздің имам бауырларымыз да әр жұма сайын жастарымызға ұлттық құндылығымызды сақтау керектігін қазақы болмысымызға сай етіп түсіндірсе деген тілек айтамыз. Себебі, естеріңізде болса, хе(э)ллоуинді тойлау барысында, яғни осы қазаққа жат мерекенің кесірінен түнгі клубтың бірінде қазақтың талантты каскадері Қасым Жұмағожин бақилық болды. Жұмбақ өлім... Сондықтан да жастарымыздың рухани мүгедек болуына жол бермегеніміз абзал.

Ендігі жерде құдай өлінің үрейін, тірінің мерейін ұшырмайтын қандай ісімізді болсын оңға бастырып, бүтін көңілдің иманын жоғалтпағай! Жұма қабыл болсын!

Бекжан Тұрыстың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290