Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 8105 26 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 11:13

Орыс пен арабқа сор әкелген латын жазуы бізге бақ әкелуі керек!

Орталық Азияда орыс жазуының жалына жабысқан үш-ақ ел қалды. Біз және қырғыз бен тәжік. Қазақтар әлі күнге өз әліпбиінің нұсқасын үш рет өзгертіп, ортақ бір шешімге келе алмай жатыр. 1867-1871 жылдардың аралығында алғашқы сауда-сатықтық жазу мәшеңкесін ойлап тапқан Christopher Latham Sholes (Кристофер Ләтем Шоулз) өмірге әкелген QWERTY (жазу мәшеңкесінің үстінде орналасқан алғашқы алты әріптің атауынан шыққан) пернесіне орындық (позициялық) ауыс-күйіспен толық енетін, ағылшындық қолданыстағы барлық тыныс белгілері мен символдар, сандар т.б. еш өзгеріссіз ана тілімізде жазыла беретін тек 28 дыбыстық төл әріпті қалаушы дыбыстық жазылымшылар мен QWERTY-ге  ұлттық сөйлеу әуезесін бұзып, артық таңбалаумен перне бетінен өзге жерге орналастырылатын барлық тыныс белгілері мен символдар, сандар т.б. түрлі өзгеріске түсіп, жаңа QWERTY қазақы бағдарламасын жасап шығу үшін қыруар қаржы кететін зор шығынды талап етуші 28 төл және 5 кірме әріпті таңдаушы  әріптік жазылымшылар арасында үлкен күрес жүруде. Жастар күрес-мүресіңді елең қылмай өз таңдауларын латынның пайдасына жаратып жатыр. Бүгін әліпбидің қай нұсқасын шығарсаң, сол нұсқасын ертең өз ыңғайына жаратып өзгерте қолдана береді.

Араб әлемі де, орыс әлемі де латын жазуынан зардап шегуде. Орыстар Ё әрпін мүлдем қолданбайтын болды. Әрі Ч әрпін кампта 4 санымен белгілей салады. Бұл үрдіс жалғасуда. Жириновскийдің «подростоктің орынына «тенейджер» дейтін болдық» деп жылайтыны сол. Латын араб жазуына да өз зардабын тигізуде.

Орыс әлеміне құл болған бізге қарағанда араб жазуы жаһандасудың қара дауылына төтеп бере алмай жатыр.

Тарихтан бір білерміз, барлық араб елдері көпке дейін Еуропа елдерінің отарында болып келді. Уақыт өзгеріп, арабтар француз және ағылшын тілдерінің пайдасына өз таңдауларын жасауға көшті. Нәтижесінде ағылшын мен араб сөздерінің қоспасынан тұратын Franco-Arabic (فرانكو آراب, franco-arabe, немесе عرنسية) араб жастары арасында танымалдыққа ие болып, SMS жазуда, әлеуметтік желілерде т.б. қолданыстарда латын жазуы өз үстемдігін құрғандықтан, оған қарсы жергілікті рухани-мәдени құндылықтарды пір тұтушылар үнемі “باللغة العربية اكتب//Арабша жаз” немесе  “ فرانكو توقف // Franco жойылсын!” деп ұрандатса да, шыққан нәтиже жоққа тән.

Арабтар арасында ғаламторды қолдану көрсеткіші 70-80%-ға жетіп, ешбір науқан латындану үрдісіне тосқауыл бола алмай қалды.

Белгілі араб камп сарапшысы Ziyad Ata (Зияд Ата) араб жазуының басына төнген қара бұлттың үш себебін бөле-жара көрсетіп береді.

Қазіргі заманалық технологияны меңгеруің үшін міндетті түрде ағылшын тілінен аз-маз болсын хабарың болуың керек. Арабтардың көбі  QWERTY кіләбәсінің камптық нұсқасының пайдасына таңдау жасайды әм тұрақты пайдаланады. Аталған елдердегі көптеген жекеменшік мектептер мен университеттер не ағылшын, не пәрең (француз) тілінде білім беруде. Бұның себебі Құран Кәрім тілі мен жергілікті сөйлеу тілінің арасы жер мен көктей. Енді оны FRANCELINA (lingua franca) былықтыра түсуде.

Біздің «Егемен Қазақстан» сияқты Сауд-Арабиясының Al-Riyadh Daily (арабша الرياض) күнделікті газетінің Сolumnist-і (өзінің осы БАҚ бетіндегі жеке бағанын тұрақты жүргізуші) Мәриям Әл-Джабер біз бір кезде иврит тілі ұшыраған тек діни-жоралғы тіліне айналу қаупінің алдында тұрмыз деп елді сақтандырады. Тілдік жақтан ағылшын не пәрең тілінің уызына жарып үлгерген өскелең ұрпақты ана тілінің бесігіне еш орлата алмаймыз деп дабыл көтерді.

Әрі Мәриям Әл-Джабер “Жастардың әдеби араб тілінен бас тартуын осы тілдің қиындығынан деп ақтау арсыздық. Ауызекі араб тілі francelina-ға қарағанда қолданысқа жеңіл болса да, бәрібір жастар francelina-ға ден қоюда”.

Сауд Арабиясының 1975-1982 жылдар арасында билік құрған 4-ші патшасы Халид ибн Әбдел Әзіз Әл Сауд (ар. خالد بن عبد العزيز آل سعود‎) атындағы Университеттің Вице-президенті доктор Халид Жалбам да осы мәселені назардан тыс қалдырмай алдын алуға үндеп, өз шешімін ұсынады:

“Латын әрпін қолдану біздің мәдени кодымызды бұзады. Кейбір ислам елдері бұл күндері латынға көшіп, өз ұлттық әліпбилерін жадынан шығарып үлгерді. Араб жазуын құп көретін біздің өзіміз қажет кіләбәні зорға табамыз. Кейде сұхбаттасың араб тілінде зорға сөйлеп, тіпті араб қарпіндегі төл жазуымен қаламын сүйреңдетуді хош көрмейді”.

Microsoft және Google сынды Онлайн тәржімашылар Franco-ны араб тіліне аударып мәселені тіпті ушықтырып жіберді. Сөз басы, сөз ортасы әм сөз соңындағы араби әріпті жазып бас ауыртқанша, жұрт жаппай латын арабшасын тұтына бастауы  зор мәдени-рухани зобалаң туғызып отыр.

Батыс мәдениетінің ықпалы мұсылмандардың қасиетті жазуының іргесін шайқалтуда. Ислам идеясының бәсі жастар арасында сөйлеу мен жазуға қатысты тым төмендеп кетті. Сондықтан доктор Халид Жалбам өзге тілдерде оқытатын білім ошақтарын жауып, QWERTY кіләбәсін жаппай тәркілеуге шақырады.

Microsoft және Google сынды Онлайн тәржімашылар қазақ латынына бейімделіп, сервистік қызметін жеңіл көрсетуге ыңғайлы әліпби керек. Орыс пен Арабқа сор әкелген латын жазуы мен QWERTY кіләбәсі бізге бақ әкелуі керек. Ол үшін әріптің шекесін ісіріп, ағын сындырып өзім білемдікке салмай. Барша  28 әрібімізді QWERTY-ге сыйдыруға тиіспіз. «Қазақстандағы орыс жазуы да Латынға көшсін!» деген Ұлықбек Есдәулет ағамыздың сөзінің жаны бар. Біз әуелі мемлекеттік атауымызды «Қазағыстан» деп жазуға қол жеткізіп алайық! 2025 жылдан дейін атың өшкір кірілден құтылып, 28 әріптік ұлттық жазудағы тәуелсіздікке де қол жеткізерміз. Алла Бұйыртса! Ол үшін 28 әріпке негізделген руна, төте жазуды, кірілді және жаңа латынды QWERTY кіләбәсіне бірін-бірі оқитын етіп орналастыратын жаңа жалпыұлттық 28 қаріптік бағдарлама жасалу керек. Ересектер үшін «Қазақ жазуы» курсы, оқушылар үшін қосымша пән енгізілсе мәртебеміз асқақтай түсер еді. Отарлық кездегі әріптік құлдықтан арылатын сын сағат туды. Одан тек  QWERTY кіләбәсін жаңа латында ағылшын қолданысымен бірдей етіп кіріктіре білсек ұтамыз. Латынды руна, төте жазу, кірілге оқылымдық көшіру немесе  руна, төте жазу, кірілді латынға оқылымдық көшіру қаржы көзі табылғанда ғана мүмкін болады. сол кезде орта жастағылар қолы үйреген кірілмен жазып, еш кедергісіз латыншалай алатын болады. кезінде жазу екі рет ауысса да классик жазушыларымыз Мұхтар, Ғабит және Сәбит Мұқановтар өз қолжазбаларын төте жазумен жазғаны әдебиет тарихынан белгілі фактілер. Ең бастысы, төл әріптеріміз еш өзгеріссіз  пайдаланылатын QWERTY-ге қол жеткізу! Араб пен орыстай есе жіберіп алмайық!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341