Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1859 0 пікір 15 Тамыз, 2011 сағат 14:22

Қазақстандықтардың үштен бірі маңғыстау мұнайшыларының ереуіліне селқос қарайды - әлеуметтік зерттеулер

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ - Саяси шешімдер институтының (СШИ) әлеуметтік зерттеулеріне сай, респонденттердің 28% маңғыстаулық мұнайшылардың ереуілдеріне селқос қарайды екен.

«Республикамыздың қала тұрғындарының үштен бірі маңғыстау мұнайшыларының ереуіне селқос қарайды - бұл туралы саяси шешімдер институтының Қазақстанның ірі қалаларында жүргізілген әлеуметтік зерттеулері көрсетіп тұр. «Оның маған қатысы жоқ» - сауалнамаға қатысқан респонденттердің көбінің (28%) берген жауабы осындай болды», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.

Бұл ретте «ең көбі - 57,2%, Астана тұрғындары селқостық танытты» делінген.

«Мұнайшылардың талаптарын қолдаушылар мен қолдамайтындар саны шамамен бірдей: 27,7% мұнайшыларды қолдаса, сауалнамаға қатысқандардың 27,9% мұнайшылардың жалақылары орташа қазақстандық жалақымен салыстырғанда жоғары дегенді алға тартады», - делінген әлеуметтік сауалнама зерттеу қорытындысында.

Сондай-ақ ереуілдеушілерді қолдауға дайындықты ең көбі республиканың батысы танытыпты(45,3%), ал алматылықтардың әрбір үшіншісі ондай наразылыққа қарсылық білдіріпті (31,7%).

Наразылықтың тым шекті формаларының (өзін өзі өртеп жіберуі, жарып тастауы)жиілеп кетуі туралы айта келіп, қазақстандықтардың 27% оның себебін мемлекеттің әлеуметтік саясатының нашарлығынан деп атапты. Республиканың батысының тұрғындары осылай деп есептейді екен - 50,1%.

«Бұл жағдайға шыдамсыздық танытатын адамдардың әлсіздігі», - деп 40,2% алматылықтар айтыпты. Ал республика бойынша, осындай көзқарасты респонденттердің 25% айтыпты», - делінген зерттеулерде.

Одан басқа, әрбір бесінші сауалнамаға қатысушы (20,5%) наразылық акцияларын «қауіпті оқиға, ол басқаларға үлгі болуы мүмкін» деп атапты. Мұндай жауапты елдің шығысындағылар көп көрсетіпті(32,3%).

Қалалық тұрғындардың ең азы - 15,5%-дайы мұндай наразылықты саяси жүйеге наразылық деп атапты. Бұл ретте осылай деп елордалықтар айтыпты (30,6%).

Аталған әлеуметтік зерттеулер Астана мен Алматыдан басқа 14 облыс орталықтарында шілдеде жүргізілген болатын. Сауалнамаға 2302 адам қатысыпты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540