Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4844 7 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 11:46

Біздің әскердің орысша бұйрық беріп, орысша сөйлесуі - үлкен қателік

Кез келген елдің тәуелсіздігінің кепілі - оның әскері. Қаншалықты әскер мықты, соншалықты тәуелсіздік берік.

Қазақ Елінің әскеріне қатысты бір ой.

Біздің әскердің басым бөлігі орыс тілінде екені жасырын емес. Орысша бұйрық беру, орысша сөйлесу көп кездеседі. Менің ойымша бұл үлкен қателік. Әскер - тек қазақ тілінде болуы міндетті. Онда барғандар мемлекеттік тілді білмесе, бір жылда үйреніп шығады. Яғни ол біріншіден елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, екіншіден мемлекеттік тілді бейресми үйрететін институт функциясын атқаруы тиіс.

Оның үстіне жаман айтпай жақсы жоқ, егер біз әскери қақтығысқа түсіп қалсақ орыс тіліндегі бұйрықты, әскери қимылды жау әскері бірден түсініп отырмай ма?! 1997 жылы түсірілген орыс-шешен соғысына арналған "Чистилище" фильмі есіңізде ма? Сонда шешен сарбаздары арнайы құрылғылар арқылы орыстардың іс-қимылын естіп, түсініп, қарсы әрекет етіп отырады. Ал орыс сарбаздары "шешен тілінде сөйлеуде" дегеннен басқа түк түсінбей, аузын ашып отырады. Яғни ұлттық тіл арқылы да әскери тактика құруға болады.

Екінші мәселе біздің әскери техниканың басым бөлігі ресейлік, одан қалды тіпті КСРО-нікі. Ресейлік қару мықты дегенімізбен, бұл ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қаншалықты дұрыс. Мысалы "Украин сценарийі" орын алса(Құдай сақтасын). Онда Қазақ Еліндегі ресейлік қаруларға керек оқ-дәрі, бомба, снаряд, қосалқы бөлшек бәрі-бәрі тапшы болмақ. Сондықтан қару-жарақты Батыстық елдерден де алған дұрыс-ау. Әзірге оның үлесі бізде аздау.

Жалпы алғанда біздің әскер шабуылдаушы емес, қорғанушы принципін ұстанады. Ал қорғану үшін бізге мықты ПРО, ПВО, зениттік ракеталар, танкті жоюшы Javelin іспеттес птрклар (басқа типтегі болсын), БПЛА-лар керек деп ойлаймын.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан
Abai.kz
7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343