Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2544 0 пікір 16 Тамыз, 2011 сағат 05:53

Сейсенбі күні Қазақстанның батысында күн ыстық болады – Қазгидромет

Астана. 16 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанның басым аумағында сейсенбі күні антициклон ықпалынан ыстық, құрғақ ауа райы сақталады. Республиканың батысы мен солтүстігіне атмосфералық тұтас ағым ықпал етуінен кей жерлерінде өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, жел күшейеді, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Болжам бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысында қатты ыстық болып, +34+36 градус болады. Атырау облысында да күн ыстық, кей жерлерінде +39 градус болады.

Метеоқызмет мәліметтерінше, республиканың оңтүстігінде, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында өте жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Астанада сейсенбі күні ала бұлтты, жауын-шашанысыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, ауа температурасы +29+31°С.

Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с самал соғып, күндіз +31°+33°Сболады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129