Сенбі, 23 Қараша 2024
5100 15 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 12:36

Алматыда Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылды

Алматыда ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы, композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіш орнатылды. Мүсін Республика сарайы мен "Қазақстан" қонақүйінің арасындағы скверде қойылған.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен зиялы қауым өкілдері және композитордың туыстары қатысты.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

-Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың маххабатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыштаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ. Бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. "Қазақ вальсінің королі" деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі.

Ал, композитордың жұбайы Жәмила Қалдаяқова жиналған көпшілікке алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Жәмила Қалдаяқова, композитордың жары: 

-Бүгін сондай құтты күн. Келіп, бас иіп құттықтап келгендеріңізге рахмет. Шәмші Қалдаяқов халықтың сүйген композиторы, бақытты жан. Маған «Жәмила, мен өте бақытты адаммын, мені халық жақсы көреді, барған жерімде құрметтейді» деп айтатын.

Айта кетейік, "Қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқов ел арасына кеңінен танымал бірқатар әндердің авторы. Ал, оның  қазақ жерін қорғауға арналған "Менің Қазақстаным" әні 2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов.

Ал, ән мәтініне экс-президент Н.Назарбаев аздап өзгеріс енгізген.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381