2020 жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі
Атаулы әлеуметтік көмекті бөлудің жаңартылған моделі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларының қисынды жалғасы және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдау шараларының кешенді тәсілі мен атаулы сипатын қабылдауды қарастыратын заң жобасы қабылдануда.
Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы негізгі ұстанымы –көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға жәрдем береді.
Бұл мақсаттағы кешенді шаралар үш бағытты құрайды.
Біріншісі – көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну. Бұл – көпбалалы аналарды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады. Көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді. Атап айтқанда:
4 баласы бар отбасыларға – 42 500;
5 баласы бар отбасыларға – 53 125;
6 баласы бар отбасыларға – 63 750;
7 баласы бар отбасыларға – 73 375 теңге көмек
тағайындалатын болады.
Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і деңгейінде қалады. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғы мөлшермен бірдей алатын болады.
Әлеуметтік көмектің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл бір жағынан көмек алушылардың өз табысын жасыру жағдайын барынша төмендететін болады. Екінші жағынан көмекті тағайындау тәртібі әділ болады. Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни, АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін. Барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді.
Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшесі атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін атаулы әлеуметтік көмек шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетіледі және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын “Еңбек” жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалын максимал қолданады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың еңбек әлеуеті ынталандырылады, олардың кірістерін арттырып, әлеуметтік жағдайларын жақсартатын кәсіпкерлікке тарту үшін мүмкіндік пен жағдай жасалады.
Үшіншісі – Мемлекеттің аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуі: 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен, ал 6 жастан 18 жасқа дейін — мектептерде тегін ыстық тамақпен, қалалық қоғамдық көлікте күнделікті тегін жол жүрумен, мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Азаматтарымыз көмекке мұқтаж адамдардың бәрі – аз қамтылғандар, көп балалы отбасылар мен балалар мемлекеттің қорғауында болғанын және солай қалатынын білуі керек. Жұмыс істей алатындарға – оларға оқудан өтуге, мамандық алуға, жеке кәсіп ашуға, жұмысқа орналасуға барлық жағдай жасалады.
Мемлекеттің жаңа Атаулы әлеуметтік көмектен күтетін нәтижелері қандай:
- Жаңа ережелер тағайындалатын көмекті барынша әділ түрде
- Азаматтарды еңбекке уәждемелейді.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілетін болады.
Сатыбалды Жүнісбековтың facebook парақшасынан
Abai.kz