Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4642 12 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 12:36

Қазақтың ғасырлар бойы келе жатқан салт-дәстүріне тиісе бермейік

Әсіре тойшылдық жақсы емес. Мақтан үшін шашылу берісі - обал, арысы - дарақылық. Кім асып түседі деп жарысқа түсу одан да сорақы әдет. Бұдан тыйылу керек.

Десек те тойға, асқа шүйліге беруге болмайды. Ол - қазақтың ғасырлар бойы сақтап келе жатқан салт- дәстүрі. Той ағайынды жақындатады. Жаңа үйленген жастар елдің батасын алып, ел қатарына қосылады. Бір-бірін танымайтын құдандалы екі жақ той үстінде бір- біріне сый-сияпат жасап, көңілдері жарасады. Тойды жақсы жасаса ол балаларына, құдаларына, жиналған елге деген құрмет. Той жасап екі жас алдымен Алланың, ата- ананың, ағайынның алдында жауапкершілік алады. Ғасырлар бойы солай болып келді, бола береді де. Қазақ - сонысымен қазақ.

Бұған дейін қазақтың салтымен кісісі қайтыс болған адамның қонақасы беруі мен жетісін, қырқын, жылын өткізуге тиісіп едік. Ол да қазақтың төл салт - дәстүрі. Қазақ қолы ашық, қонақжай, намысшыл халық. Жиған тергенін үйленген баласына немесе өлген әке шешесіне қимай отыратын ел үлгі ме сонда? Әлде бұл тартыс ешкімге айтпай қосылып алатын азаматтық неке мен өлігін өртей салатын криматорййге көшуге бастап бара ма? Оның ар жағында тексіздік тұр...

Той жасаса да, өлім жітімін атқарып ас берсе де Үкіметтің қалтасына түсіп жатқан қазақ жоқ. Өз қалтасынан шығарады. Намысы үшін. Ол намыс та қазақтың сүйегіне сіңген ұлттық намыс. " Той құдайдың қазынасы" дегенде қазақтың Құдайдың берген байлығын жақсылығына жұмсайтын жомарт ниетін айтады. Егер жақсылап той жасамаса, өлімін атқармаса сүйегіне таңба болады. Сондықтан біресе дінді, біресе әлеуметтік - тұрмыстық ахуалды бетке ұстап, қазақтың ғасырлар бойы келе жатқан салт- дәстүріне тиісе бермейікші. Жұлмалай берсек түбі қазақтығымыздан дым да қалмауы мүмкін. Ал өз салтынан айырылған халық ол - ұлттық бет бейнесін жоғалтқан халық. Ол түбі тілін, дінін жоғалтып, күштіге сіңіп жоқ болады.

Әділбек Қабаның facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3200
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5142