Жұма, 22 Қараша 2024
4317 17 пікір 29 Қараша, 2019 сағат 12:50

Президент "қызметкері парамен ұсталған басшыны жауапқа тартатын" заңға қол қойды

28 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев парамен ұсталған қызметкерлердің басшыларын да жауапқа тартатын заңға қол қойды.

Заңның мәтіні жақын арада баспасөзге жарияланады.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, енді "мемлекеттік қызметкерлер: министрлер, олардың орынбасарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары өздеріне тікелей бағынатын қызметкерлері парамен ұсталса, отставкаға кетуге арыз жазуы тиіс".

Агенттіктің дерегінше, мысалы министрге "тікелей бағынатын тұлғалар" қатарына министрдің орынбасары, жауапты хатшысы немесе аппарат жетекшісі, облыстық бөлім жетекшілері кіреді, облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдері үшін - оның орынбасары, аппарат жетекшілері кіреді. "Мемлекеттік қызмет" туралы заңға сәйкес, отставкаға кету туралы өтінішті шенеунік өзін тағайындаған лауазымды тұлғаға беруі тиіс.

"Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси
қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті. Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік
қызметкерлеріне тікелей бағынатын қызметкерлер жемқорлық жасаса, алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған" делінген хабарламада.

Тоқаев биыл мамырда "мемлекеттік орган басшылары қол астындағы қызметкерлері жемқорлықпен бабымен кінәлі деп танылса, отставкаға кетуі керек" деген.

Қазақстанда шенеуніктер, мемлекеттік орган қызметкерлерінің "жемқорлық" бабы бойынша ұсталғаны туралы ақпарат жиі жарияланады. Бұған дейін "парамен ұсталған, қызметін асыра пайдаланған, ақша жымқырған" ондаған шенеунік айыппұл төлеген немесе мерзімінен бұрын қамаудан шыққан.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бұған дейін елде жемқорлықпен күресуді күшейту жайлы бірнеше рет айтқан. Тоқаев та соңғы уақытта бюджет қаржысын жымқырғандарды, пара алғандарды жазалау жайлы жиі айтып жүр. Бұған қарамастан Қазақстан жемқорлық индексіндегі жағдайы жақсарған жоқ.

Transparency International ұйымы жыл сайын жасайтын Жемқорлықты қабылдау индексінде (CJI) Қазақстан бір жыл ішінде екі саты төмендеген. 2018 жылы 122-орында тұрған Қазақстан биыл қаңтарда шыққан ұйым рейтингінде 124-орынға түскен.​

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282