Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 7998 7 пікір 29 Қараша, 2019 сағат 15:11

Қазақ-орыс қатынасы: Қытай факторына сараптама

Eurasia Review әлем халқының 70%-ы тұратын Еуразия мен Афроазия кеңістігіндегі Батыс баспасөзінен қалтарыста қалған түрлі тақырыпты қозғайтын, өзіндік жеке пікіріге ие АҚШ тәуелсіз журалы әм сараптама орталығы болып табылады.

Eurasia Review осы мақсатта түрлі қөзқарастағы ұйымдар мен авторлардың мақалаларын жариялауды басты орынға қойып отырады. Таяуда осы журналда Қазақстанға қатысты Сингапурдың RSIS (С. Раджаратнама атындағы халықаралық зерттеу мектебінің) аға ғылыми қызметкері әм NTU (Нанян технологиялық университетінің) оқытушысы Chris Chang-ның  “Russo-Kazakh Relations: The China Factor – Analysis/Орыс-Қазақ қатынасы: Қытай факторына сараптама” атты мақаласы жарық көрді

Онда Қазақ елінің әлі де Ресей шырмауында басы бүтін қалып отырғандығы жан-жақты сөз етіледі. Енді осы Chris Chang мақаласын Абай кз оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.

Қазақ-орыс қатынасы: Қытай факторына сараптама

Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы соңғы жылдары бекемделе түсті. Ең бастысы бұл ел “Белдеу мен Жол” (BRI) атты қытай бастамасында зор маңызға ие. Оның үстіне Қазақ Үкіметі қос өкпесінен қысқандықтан өзінің Қытай мен Ресей байланысының тізгінін қолынан шығармауға бар күшін салуда. 

Қытай үшін Қазақстан оның саяси қауіпсіздігі әм экономикалық мүддесіне байланысты басты орында тұр. Шыңжанмен 1780 км шекше шұбатыла шектесетін елге қатысты Бежін қазақтар мен Шыңжан тұрғындары арасындағы этникалық, діни әм мәдени байланыстардың екі жақты қатынасқа, әсіресе қытай қауіпсіздігіндегі өз проблемасына селкеулік түсірмеуін жанын сала қолдайды.

Экономикалық жақтан Қазақстан БРҮҚ (Брик) негізгі өзегі болғандықтан, 2013 жылы Нұр-Сұлтанда (бұрынғы Астанада) 2013 жылы ҚХР төрағасы Си Цзинпин БРҮҚ  құрылғанын мәлімдеуі тегін емес. Дерек көздерінің мәлімдеуінше қазіргі кезде жалпы құны 27,5 млрд. доллар болатын 55 жоба жүзеге асырылуда. Қытай – Қазақтың энергетикалық секторындағы белді ойыншы. Әрі тағы бір білетініміз, осы елдің мұнай өндіруінің 30%-ын өз қолында ұстап отыр. Жәнеде басты сауда әріптесі ретінде 2018 жылы $11,7 млрд. көлеміндегі сауда айналымына  қол жеткізіп, өз үлесін 12%-ға жеткізді.

Тоқаевтың Ресей және Қытаймен байланысы

Қазақстанның Елбасысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аяқ астынан 2019 жылдың наурызда доғарысқа кетуі, сол кездегі Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына дейін уақытша президент болуға мәжбүр етті. 2019 маусым айында өткен сайлауда сайлаушылардың 71% дауысын иеленген Тоқаев жеңіске жетті.

Бұрынғы премьер-министр және сыртқы істер министрі болған Тоқаев орыс, қытай және ағылшын тілдерінде емін-еркін сөйлейді. Ол кеңес елшілігінде Сингапурда (1970-ші жылдары) және Бежінде (1980-ші жылдары) жұмыс істеді. Оның уақытша президент ретіндегі алғашқы шетелдік сапары 2019 жылдың сәуірінде Мәскеуден басталып, президент Владимир Путинмен жолғысып, екі жақты қарым-қатынастағы бұрынғы сара жолдан айнымайтындығына Ресей басшысының көзін жеткізді.

Ал, осы жылдың қыркүйегінде Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде Бежінге мемлекеттік іс-сапармен жол тартып, өз елінің қытайға деген қарым-қатынасы дәл бұрынғыдай екендігін нақтылап бере алды. Екі сапарда да Қазақ билігі өзінің алпауыт көршілерімен арадағы байланысын тепе-теңдікте ұстай білушілігін таныта білді.  

Қазақстандағы Ресей мүддесі

Қазақстанның Еуразиядағы маңызды географиялық орналасуы, белгілі бір мөлшерде Сібірді Еуропалық Ресеймен байланыстыра жалғауы,  ірі жер көлемі (әлемдегі тоғызыншы орындағы) әрі орасан мол энергетикалық байлығын сөз етпегенде, Қытаймен ортақ шекарасы Ресейдің назарын бұл елдегі орын алатын оқиғаларға аудартпай қоймайтыны хақ.

Екі елде бір қатар бұрынғы кеңестік республикалардың басын қосқан ОДКБ мүшесі.  2019 жылдың қаңтарында шыққан қазақ зерттеушілерінің екі жақты қарым-қатынасты пайымдай саралаушы еңбегінде ОДКБ-ны “летаргиялық ұйқы” деп сынға ұшыратуына қарамай, аталған ұйым өз мүшелеріне барлау ақпараттарымен алмасуға, ресей қару-жарағын “өте арзан бағамен сатып алу арқылы, аймақтағы тұрақтылықты орнықтыра арттыруға” мүмкіндік береді делінеді.

Ресей – Қазақстанға ең ірі қару-жарақ сатушы ел. Оның үстіне Мәскеудің Қазақ елінде ең маңызды әскери нысандары Қазақстан-зымыран полигоны мен өмірлік мүдделіктегі Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Осы аймақта 1957 жылдан бері әуелі кеңес, одан кейін ресей ғарышты игеру бағытындағы зымыран ұшырулары жүзеге асырылып келеді.

Саяси әм экономикалық аралас-құраластық

Екі ел де – бұрынғы кеңестік республикалардың басын біріктірген ТМД мүше.  Ең маңыздысы қос ел де ЕАЭО құрылтайшы мүшесі болып табылады.

Сондай-ақ, олар қазіргі кезде Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тұрақты мүшелері болып табылып, бірқатар елдер бақылаушы құқығындағы ШОС-тың  құрылтайшы мүшелері екендігін айта кетпекпіз. ШОС басты мақсаты – саяси-экономикалық әріптестік пен қауіпсіздік саласындағы серіктестікке ықпал ету.

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, екі жақты тауар айналысы 2018 жылы $19 млрд. құрап, өткен 2017 жылға қарағанда 9% артқан. Орыстардың қазақтармен сауда айналымындағы үлесі 19%-ға жететін ең ірі сауда әріптесіне айналды. Осы елдегі ресейлік инвестицияның жалпы мөлшері $ 12,6 млрд. жетіп отыр. Елшінің сөз етуінше, екі жақтық сауда және басқада қаржылық іс-әрекеттердің  70% төл валюта теңгемен жүзеге асатындығының өзі-ақ, қазақ-орыс қарым-қатынасындағы тығыз байланыстың көрсеткішін танытады.

Тарихи әм мәдени байланыстар

Патша дәуірінен бастау алып, ортақ кеңестік кезеңге ұласатын тарихи әм мәдени байланыстар 1991 жылы КСРО тараған уақыттан бері еш әлсіреген жоқ. Қазақ ғалымдарының зерттеуіне сүйенетін болсақ, қазақ тілі күнделікті тірлік пен ресми еңбектерде өте жиі қолданылғанымен де, басқа салаларда орыс тілі “өз үстемдігінен” айырылмай отыр.

Зерттеушілер ресейлік БАҚ қазақтікіне қарағанда “өте әлеуетті болып отыр” деп атап көрсетеді. Бұдан бөлек Ресейде оқитын қазақ студенттерінің саны өте жоғары 2015/2016 оқу жылында ондағы 237 000 шетелдік студенттің 79,2% ТМД елдерінен болса, оның 36% қазақ студенттері құрайды екен.

Бородавкин “ресейлік жоо 70 мыңнан аса қазақ студенттері оқиды” дегенді ашып айтады. Ал, елші бұдан бөлек “жыл сайын 9 мың қазақ жастары өз бетімен Ресей ЖОО түсіп тегін білім алып жатыр” деген мәліметті келтіреді.  (Қытай елінде білім алатын қазақ жастарының қатары 2013-2016 жылдар аралығында үш есеге өсіп, 15 000 жетті).

Демография

Қазақстанның 18,6 миллион тұрғынның 23,7% құрайтын этникалық орыстар ұлттық азшылық болып табылады. Этникалық қазақтар болса, 63,1% жетіп отыр (Chris Chang  2009 жылғы Ресми Санақтағы деректерді келтіріп отырған жайы бар – автор). Көптеген этникалық орыстар КСРО тараған кездегі Қазақ ұлттық сана-сезімінің оянуы мен экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты түп көтеріле ауа көшті.

Этникалық орыстардың көпшілігі Сібірмен шектесетін Солтүстік Қазақстанда тұрып жатыр. Бізге жеткен мағұлматтар бойынша осы этникалық орыс мұғаджарлығы және жікшілдік көңіл ауаны мәселесі қазақ билігінің жанұшыра күресуге тиіс бас ауруының бастысы болып тұр. Осы ұлтараздығын болдырмау жолында жан ұшыра күресу барысында Ресейдің қас қабағына қараушылық басым. Өйткені, ақырған орыс аюы бұл елдегі барлық болып жатқан оқиғаны қалғымай бақылап отырған жайы бар.

2014 жылы Қырымды бауырына басқанына бірнеше ай толған шақта президент Путин “жаңа мемлекеттің буыннын бекіткен, қабырғасын қатайтқан Назарбаевқа дейін қазақтардың жеке мемлекеті болмаған” деген сөзді айтып салғаны да бар.

Қытай қаупіне қарсы көңіл-күй әм оның болашағы

Көптеген алысты болжайтын бақылаушылар “таяу аралықта Қытайға қарсы наразылықтың артуы қазақ-қытай қарым-қатынасындағы ең басты кедергіге айналады” деген болатын. Қытай иммигранттарының санының, экономикалық басқыншылығының  арта түсуінен туындаған үрей факторы осы жеккөрушілікті қоздата түсудің қозғаушы күші болып табылады. Қытай саясатындағы орын алып жатқан Шыңжандағы науқанда қазақтар арасында теріс көзқарасты одан бетер ширықтыра қалыптастырып отыр. Қытайға қарсы қоғамдық бас көтерулер Қазақ елінің бірқатар қалаларын шарпыды. БАҚ мәлімдеуінше, қазақ оппозициялық саясаты бизнес пен ірі жобалардағы Қытай араласуына қатысты жергілікті халықтың ашу-ызасын туғыздыратын қоғамдық от-жалынға айналдыра білді.

Әзірше, Ресейдің қазаққа қатысты тарихи әм дәстүрлі үстемдігі Қытайдан кейінгі екінші орынға жылжиды деуге әлі тым ертерек. Егер президент Путин басқаша ұйғармаса, Ресей үшін Қазақстанның геостратегиялық орналасауы әм басқада жағдаяттары өте маңызды болып қала бермек.

(Қазақ мүддесін ескермей, біржақта Ресей пайдасына ел аңысын аңдып барлау жүргізуінен туындайтын) Бородавкиннің түсініктемесінің мәнісі екі елде “одақтастық қарым-қатынаста” болғанымен де, Ресей осының бәрі тап бұрынғысынша сақталып қалуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасайдыға саяды. Дәл осы мезетте сонымен бірге Қытайдың қазақ экономикасындағы тегеуірінді екпіні президент Тоқаев және оның Үкіметіне өз қысымын үдете түсуде. Осы орайда Тоқаев өз елінің Қытай және Ресейге қатысты қарым-қатынасының тізгінін өз қолынан шығармай, ешбірінің ығына жығылмай қиыннан қиыстыра жол таба білуге тиіс. 

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036