Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2746 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 04:41

Сырым Ақтанұлы. Тілді қолдау тектен басталады

Уақытты жаңартатын жаңалық, жаңа әрекет! Кейде уақыт тоқтап қалғандай сезінетініміз бар, осыдан 4 жыл бұрын Астанада өткен бір шараның барысын қайта жаза отырып, сол уақытта өмір сүріп отырғандай сезіндім. Өйткені, сөз болған мәселеге қатысты ешбір әрекет істелмеген екен. Кейде 20 жыл өтсе де, кәзіргі тіліміздің жағдайына қарап, әлі де 1991 жыл секілді сезінетінім бар... Материал ескірсе де, уақыттың «жаңармағанын» ескеріп, оқырманым кешірер деген ойдамын.

Астана әкімдігінде қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мен «Зерде»  инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Тілді қолдану ата тектен басталады» атты семинар өткен. Бұл шара Тіл мәселесіне арналған көп отырыстардың ішіндегі қазақтардың аты-жөн мәселесіне арналған тұңғыш ресми отырыс болып шықты. Семинарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М.Рақымжанов ашып, өзі жүргізді.

Уақытты жаңартатын жаңалық, жаңа әрекет! Кейде уақыт тоқтап қалғандай сезінетініміз бар, осыдан 4 жыл бұрын Астанада өткен бір шараның барысын қайта жаза отырып, сол уақытта өмір сүріп отырғандай сезіндім. Өйткені, сөз болған мәселеге қатысты ешбір әрекет істелмеген екен. Кейде 20 жыл өтсе де, кәзіргі тіліміздің жағдайына қарап, әлі де 1991 жыл секілді сезінетінім бар... Материал ескірсе де, уақыттың «жаңармағанын» ескеріп, оқырманым кешірер деген ойдамын.

Астана әкімдігінде қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мен «Зерде»  инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Тілді қолдану ата тектен басталады» атты семинар өткен. Бұл шара Тіл мәселесіне арналған көп отырыстардың ішіндегі қазақтардың аты-жөн мәселесіне арналған тұңғыш ресми отырыс болып шықты. Семинарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М.Рақымжанов ашып, өзі жүргізді.

Бас қосуға министрліктердегі  тілдерді дамыту басқармалары, ұлттық компаниялар, аймақтық мекемелер, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары, тілді енгізуге жауапты мамандар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты - төлқұжаттағы ататегіміздің дұрыс жазылуын бірегейлеудің негізін айқындап, соған жауапты мекемелердің атқарып жатқан жұмыстарымен танысу болатын. Алайда, семинарға қатысушылардың баяндамалары барысында біршама мәселелер айтылып, олардың ішінде іргелі түрде қолға алуға тиісті жәйттердің беті ашылды.

Шара барысында Тілдерді дамыту басқармасының бастығы О.Асанғазы қазіргі күні мемлекеттік тілдің  қолдану аясын кеңейтуде Астанада атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндады. Оның айтуынша, оқу орнын бітіріп, ҰБТ тапсырғандар 32 000 адам болса, соның ішіндегі қазақтардың аты-жөндерінің дұрысы тек қана 7 пайыз көрінеді. Қалғандарының төлқұжаттары орысша толтырылу барысында қазақ тіліндегі тектері адам танымастай өзгеріске ұшырап, бұрмаланған.

Өз баяндамасында Еуразия ұлттық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті Бекжан Досжанов орысша толтырылған қазақы әрбір тектің кәзірде шамамен 5-6-дан 10-15-ке дейінгі бұрмаланған түрін көрсетті. Тіпті, кейбіреуі қазақ тілінде айтуға мүмкін емес ұят сөздерге айналып кеткен. Бұл антропоним аталатын тіл саласының бетімен кеткендігі және АХАЖ бөлімдеріндегі сауатсыздықты көрсетеді.

Алайда, Әділет министрлігінің өкілі, Азаматтық хал актлерін тіркеу және апостілдеу жұмысын үйлестіру басқармасының сол кездегі бастығы Зайда Нұрабаева ханым өзінің қазақша білетіндігін алға тартып, көтерілген проблеманың шешілу деңгейін нақтылай алмады.

«Зерде» тілдерді дамыту жөніндегі инновациялық орталығының директоры Ғабит Молдамұрат қаладағы тілдің қолдану аясы туралы статистикалық сол уақыттағы деректерді қамтып сөйледі, өкінішке орай ондай деректі бүгінде ешкімнен ала алмаймыз. Ол «Жаңа туған нәрестелер тегінің жазылу статистикасы» атты баяндамасында 2007 жылғы дүниеге келген 3149 қазақ нәрестенің тек қана 1762 ғана куәлік мемлекеттік тілде толтырылған, оның ал 3149 ананың 166-ның ғана тегі қазақы нұсқада екен де әкелердің 204 -і ғана қазақы аты-жөнге мойын бұрып, қалған  2945-і кеңестік империя сыйлаған орысша «ов», «индерден» құтылуды жөн санамаған.

«Мемлекеттік тіл және антропоним мәселелері» деген тақырыпты қамтыған белгілі журналист, заңгер Серік Ерғали аты-жөннің 8 сипатына тоқталып, қазақтардың есім қоюдағы кәзірге белгісіз психоанализдік ғылыми жағын сараптап шықты. Оның айтуынша, антропоним тілдік қордың бір саласы ретінде қазақ тілінде үлкен кері кетуге ұшырауда. «Адамдардың сәйкестеуші (идентификатор) рөлін атқаратын аты-жөн бетімен кеткен, ғылыми сарап пен оның қолданысы атымен жоқ. Әлі күнге аты-жөн бойынша том-том кітаптар шықса да, олардың транкрипциялық, транслитерациялық қолданысы ескеріліп, антропонимдік қазақы стандарт бекітілмегендіктен аты-жөнімізді кім болса сол бұрмалауда» деді баяндамашы. Ол өз сөзінде аты-жөн бойынша нормативтік актілерді түзетуді қолға алу керектігін, әсіресе, қазақ антропонимдік сөздікті үштілдік қазақша-орысша-ағылшынша түрде транкрипциясын түзіп, бекітпесе, АХАЖ бөлімдеріндегі қызметкерлерге аса ауыр соғатын түрі барлығын ескертті. Және осылай кете берсе, 5-10 жылда қазақтардың аты-жөнінде ешбір лингвистикалық мән қалмайтындығын атап өтті. Баяндамашы айтқан бір ұсыныс астана басшылығының қолдауына ие болды. Ол - әрбір ұжымның отаншылдығын ондағы қазақтардың аты-жөндерінің қазақы екендігіне мониторинг жасап, рейтинг жария ету арқылы көп жайды анықтауға және түзетуге болатындығы туралы ұсыныс болатын. Сонымен бірге журналист мырза әлгі сөздікті кітап ретінде емес, әрі арзан, әрі тиімді де ыңғайлы электрондық нұсқада шығарып, мекемелерге тарату керектігін, тіпті, арнайы сайтқа іліп қою қажеттігін ұсынды. 40-орта мектептің директоры Ербол Іргебаев өз мектебінде бұл мәселе бойынша үлкен іс қолға алынғанын оған ұстаздар мен ата-аналар кірісіп жатқандығын, тіпті, оқушылардың қабылдаған үндеуін оқып берді. Енді бұл мектепте «Зерде» орталығының ұйымдастыруымен Халыққа қызмет ету орталықтарының қызметкерлері арнайы барып құжаттандыруды қолға алмақшы. №29 балабақша меңгерушісі Светлана Қысықова өзінің аты-жөн бойынша ата-аналармен қалай жұмыс істеліп жатқандығын және азаматтардың бұл іске соншалықты түсінікпен қарап, қолға алып жатқанын айтып шықты.

Бұл семинар аталмыш мәселе бойынша ұйымдастырылған ресми алғашқы шара болса да қатысушыларды біраз жәйтке қанықтырып, оларға өзгеше жігер берді. Шығарылған «Қазақ есімдері» энциклопедиясы елордалық мекемелерге тегін таратылды. Сонымен, Астанада отаншылдықтың жаңа деңгейі қолға алына бастады деуге толық негіз бар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377