Қастер Әкиза. Тәуелсіздік
(Поэма)
Тратыс
Ары ұшын аттарын қамшылаған,
Тұлпарынан тұнық тер тамшылаған.
Ұран салып бабалар айқасыпты,
Ұрпақ үшін ұрыста жан шыдаған.
Ақтабан боп кетседе тоз-тоз болып,
Жігерін еш дұшпаны жаншымаған.
Көне көзі секліді баяғының,
Әр көдесі би билеп, ән сұраған.
Әр төбесі сыр бүгіп жатыр жұмбақ,
Ақ жұмыртқа секілді аршымаған.
Алаң
Бұрынғыдай бірлігі болалмады,
Бірге көшіп, бір жерге қона алмады.
Қытай менен орыстың қыспағында,
Бөлінбекші екіге жол алдағы.
Бірлігінен Үш жүздің жау ығатын,
Абылайдың дәурені оралмады.
Жемсауына басқаның жем түсірмек,
Бас-басына би болып жоғалғаны.
Үндейтұғын ерімнің үні өшіп,
Үркіп кетті қазақтың қонар бағы.
Кенесары басының кесілгені,
Кеудедегі рухтың тоналғаны.
Қамыт
Ауған жүгі амал не түзелмеді,
Шын бұлқынса шынжырды үзермеді?
Ат үстінде ханына сәлем берген,
Қайран қазақ құл болып тізерледі.
Жүген қалды тартқызып жылқыларын,
Итшеккенге айдатып бұлқынарын.
Ит қорлыққа кезігіп тентіреді,
Көтере алмай жоқшылық бұлтын ауыр.
Отыз жеті атылған қаймағымды,
Қайғырамын білмеймін кім туарын.
Қиын күнде бабалар қиыр кетіп,
Қиялдаған оралар күн туарын.
Қасапшыдан қой сынды аман қалған,
Қазақтың бір білмеді жұлқынарын.
Бабаларым қаншама армандады,
Егеменді ел болып құлпырарын.
Сілкініс
Басынан қазақтың не күн өтпеді,
Бодан күндер - қапас қой түнектегі.
Қозы баққан баладай қу далада,
Жыласада, күлседе күн өтпеді.
Қазағы да колхоздың мал бағатын,
Азаттықты аңсады жүректері.
Сексен алты сілкінді жетпіс жылғы,
Ыза кегі қайнаған жүректегі.
Империя итіне таланғанды,
Бір-біріне айқасып білектері.
Бір арманға ұмтылды азаттық деп,
Бір арнаға тоғысып тілектері.
Желтоқсанның ерітті қар мен мұзын,
Желтоқсаншыл жастардың жүректері.
Мәңгілікке аңыз боп қалды олар,
Ізгіліктің жолында гүл еккені.
Шуақ
Бал татыды ішсе де қара суы,
Талқандалып жол бермес тар асуы.
Қой үстіне боз торғай жұмыртқалап,
Ел жұртының оңалды жарасымы.
Ақ самайлы әжелер шашу шашып,
Ақсақалдар қуанды бала сынды.
Жирма жылда жеттік ғой талай елге,
Жүйріктейін бап келген таң асуы.
Тауба дейік ағайын күнімізге,
Тәуелсіздік елімнің бар асылы.
Тәңір қолдап талантты жастарымды,
Танытайық әлемге Алашымды.
Тәуелсіздік жасай бер мәңгілікке,
Күллі қазақ көзінің қарашығы!
Қастер Әкиза
Abai.kz