Сенбі, 23 Қараша 2024
2399 1 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 14:17

Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров және бір топ сенаторлар Қазан Кремлінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы Ильяс Умаханов, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин, сенаторлар Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ольга Перепечина, Талғат Мұсабаев, Владимир Волков та қатысты.

Татарстан Президенті кездесуді аша отырып екі ел арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде дамыту өте маңызды екенін атап өтті.

А.Шәкіров өз кезегінде Қазақстан Ресей Федерациясының жетекші әрі экономикалық дамыған субъектілерінің бірі болып табылатын Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты қарқынды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. «Біздің халықтарымызды тарихи және мәдени тамырластық байланыстырады. Бүгінде Қазақстанның Татарстанмен қарым-қатынасы барлық салада жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді», - деді төраға орынбасары.

Кездесу барысында тоқтап қалған Нұр-Сұлтан-Қазан тікелей әуе бағытын ашу, екі жақты тауар айналымын одан әрі дамыту, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Бүгінде Татарстанның жоғары оқу орындарында 1300-ден астам қазақстандық студенттер білім алуда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409